ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Оқиға / Алматы тұрғынын ұрлап әкеткендер ұсталды

Алматы тұрғынын ұрлап әкеткендер ұсталды

Оқиға 02.03.2023, 14:26 1,086
Алматы тұрғынын ұрлап әкеткендер ұсталды
Сурет: Zakon.kz
Күш қолданып, 1 млн теңгесін тартып алған

Күш қолданып, 1 млн теңгесін тартып алған


Алматыда жергілікті тұрғынды ұрлап, жалдамалы пәтерге апарып, ұрып-соғып, ақша талап еткендер ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бостандық аудандық полиция басқармасының мәліметінше, алдын ала тергеу деректеріне сәйкес, 40 жастағы алматылықты үш адам ұрлап әкетіп, жалдамалы пәтерде ұстап, күш қолданған және 1 млн теңгесін тартып алған.


Күдіктілер алдымен жәбірленушінің ұялы телефоны мен алтын шынжырын тартып алған.



«Қажетті көлемде ақшасы болмаған соң, күдіктілер жәбірленуші Г.-дан ақшаны таныстарынан алып беруді талап еткен. Жәбірленуші жолда патрульдік көлікті көріп, көмек сұрап айқайлай бастаған, сол уақытта күдіктілер қаша жөнелген. Алайда олар көп ұзамай қолға түсті. Бұл - 1995 жылы туған Ф. есімді Алматы облысының тұрғыны болып шықты. Ал оның сыбайластары 1994 жылғы С. мен 1996 жылы туған Ж. Шығыс Қазақстаннан. Күдіктілер ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді, Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Мақсат Қанапяев.



Аталған дерек ҚР ҚК-нің 194-бабы 3-бөлігі (бопсалау) және ҚР ҚК-нің 125-бабы 2-бөлігі (адам ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.


Сондай-ақ, полиция қызметкерлері ҚР ҚПК-нің 201 бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес, қылмыстың басқа да мән-жайлары жария етуге жатпайтынын мәлім етті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,266 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.