ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / Алматы тұрғыны өсірген лимон жылына 6 тонна өнім б...

Алматы тұрғыны өсірген лимон жылына 6 тонна өнім береді

Өмір-өзен 28.10.2021, 10:48 1,835
Алматы тұрғыны өсірген лимон жылына 6 тонна өнім береді
Сурет: Parnik-teplitsa.ru
Цитрустық өсімдіктің гүлдеп, бүршік жарып, көгеруі мен пісіп жетілуіне 9 айдай уақыт кетеді

Цитрустық өсімдіктің гүлдеп, бүршік жарып, көгеруі мен пісіп жетілуіне 9 айдай уақыт кетеді 


Алматы тұрғыны Анна Баширская қалада алғашқы болып лимон өсірген. Қожалық иесі 26 жылдан бері қажырлы қызмет етіп, енді сол еңбегінің жемісін теріп алып жүр. Ол өсірген лимонарий әр 9 айда 5-6 тонна өнім береді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Оның көшеті жылыжайға 1986 жылы Өзбекстаннан әкелінген екен. Бастапқыда тропикалық аймақтарда өсетін жемісті Алматыда жерсіндіру оңайға соқпапты. Десе де, мамандар бүгінде лимонды баптаудың қыр-сырын әбден меңгеріп алған.


Лимон ағашының нығайып, жеміс беруі үшін оны 5 жылға дейін күтіп-баптау керек. Ал бір түптің өзінен орта есеппен 50-60 келіге дейін лимон теріп алуға болады. Бұл өсімдіктің ең бір артықшылығы – оның өнімі жылдан-жылға көбейе береді.


Лимонды баптау үшін аса төзімділік пен еңбексүйгіштік керек. Себебі мамандар айлар бойғы жұмыстың нәтижесін негізінен қазан-ақпан айларында ғана көреді екен. 



«Жылына бір рет гүлдейді. Қазір дәл өнім жинайтын кезең басталды. Кейде сәуірге дейін лимон теріп алуға болады. Одан кейін ағаштың жапырақтары түсіп, қайта көктейді. Жалпы жеміс беру процесі қайта басталады», – деді лимонарий қызметкері Сабиля Жақсыбаева.



Лимонарий өнімдерін тек жылыжайға тиесілі дүкеннен ғана сатып алуға болады. Қожалық иелері одан өзге, үй өсімдіктері және аскөк пен ақжелкен өсіреді. Әр өсімдікке ерекше күтім қажет дейді жылыжай қызметкерлері.


Кәсіп иелері лимонның бұл түрін асылдандырып, жоғарғы сортын өсіруді мақсат етіп отыр. Онымен қоса, қаладағы лимонарий санын көбейтпек ниетте.


Елімізге лимон негізінен Өзбекстан, Тәжікстан, Грекиядан әкелінеді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.