ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы тұрғындарын сумен үзіліссіз қамтамасыз ету...

Алматы тұрғындарын сумен үзіліссіз қамтамасыз ету үшін не істелуде

Әлеумет 30.11.2021, 11:21 1,110
Алматы тұрғындарын сумен үзіліссіз қамтамасыз ету үшін не істелуде
mail.kz
Алматы әкімнің орынбасары Мұхит Әзірбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында атап өткендей, бүгінде Алматының сумен жабдықтау жүйесі Қазақстандағы ең ірі жүйе болып...

Алматы әкімнің орынбасары Мұхит Әзірбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында атап өткендей, бүгінде Алматының сумен жабдықтау жүйесі Қазақстандағы ең ірі жүйе болып табылады және қаланың және облыстың іргелес аудандарының 2 миллионнан астам тұрғынына қызмет көрсетеді деп хабарлайдайды almaty-akshamy.kz



Мегаполисте су құбыры мен кәріздің инженерлік желілерінің кең ауқымды құрылысымен бір мезгілде ауыз су көздерін кеңейту бойынша бірнеше жоба іске асырылуда.


Мәселен, судың сапасын жақсарту және оның Наурызбай ауданының шағын аудандарына үзіліссіз  берілуін қамтамасыз ету үшін фильтрлі станциясы бар «Қарғалы» су тарту құрылысының реконструкциясы аяқталып қалды.


Қуаттылығы тәулігіне 15 мың текше метр болатын жаңа су дайындау станциясы Қарағайлы, Қарғалы, Құрамыс, Тастыбұлақ және Таусамалы шағын аудандарының 28 мың тұрғын сумен қамтуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті әкімнің орынбасары.


Келесі жылы Ақсай өзенінде Наурызбай ауданының 42 мың тұрғынын  қамтитын осындай ғимараттың құрылысы басталады.


Сондай-ақ, Бостандық ауданында Ерменсай, Бағаналы, Нұрлытау, Нұралатау, Ремизовка және Энергетик шағын аудандарының 22 мың тұрғыны үшін су жинау жобасын әзірлеу аяқталуда. 


Бостандық ауданының жоғарғы бөлігінің су құбыры және кәріз желілерін қаланың коммуналдық меншігіне беру бойынша жұмыс жүргізуде, бұл тұрғындарды сапалы сумен және  олардың үйлерін сумен  үзіліссіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деп хабарлады әкімнің орынбасары.


Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев қала тұрғындарынан инженерлік желілер құрылысына байланысты уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрады.


Әкімнің орынбасары инженерлік желілерді төсеу кезінде құрылысшылар бірегей шешімді талап ететін түрлі қиындықтарға тап болатынын атап өтті.


Мәселен, қолданыстағы инженерлік коммуникациялар желілері қаланың төменгі бөлігінде бар болғандықтан, құрылыс барысы қиындап отыр. Кабельдік желілерге немесе ескі сумен жабдықтау немесе кәріз желілеріне зақым келтірмеу үшін құрылысшылар абай болуы керек, өйткені бұл қала тұрғындарының құрылыс мерзімдеріне деген наразылығын тудыруы мүмкін.


Таулы жерлердегі құрылысты инженерлік желілерді орналастыруға арналған жеткілікті дәліздің (тар көшелер) болмауы секілді қиын жағдайлар, тасты топырақтарқиындатады.


Мәселен, диаметрі екі метрлік өлшемге жететін жердегі ірі тастар көп болуы Наурызбай ауданының Ақжар шағын ауданында су құбыры мен кәріз құрылысының барысын қиындатты. Наурызбай ауданындағы топырақтың үштен бір бөлігі қойтастардан тұратынын атап өту қажет.


Инженерлік-геологиялық жұмыстардың нәтижелері мұнда жатқан 1,9-2,75 м деңгейіндегі құм толтырғышы бар табиғи қоспадағы сазды және қиыршық тасты топырақтар 30%-ға дейін қойтастардан тұратынын көрсетеді. Жұмыс кезінде топырақтан алынған қойтастарды шығару үшін мердігердің ауыр техниканы қолдануына тура келеді. Жергілікті табиғи жағдайлар құрылысшыларды күрделі технологияны қолдана отырып, су және кәріз құбырларын салуға мәжбүр етуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,288 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,182 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.