AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акци...

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты

Алматы 25.05.2026, 16:49 169 yakiya
Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты
Алматы әкімдігі

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

акцияАлматыда көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің тұрғындары, ПИК өкілдері, «AMANAT» партиясының белсенділері және қала тұрғындарымен бірге «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында өтетін партияның дәстүрлі «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысып, өз аулаларын тазалау жұмыстарын жүргізді.

Тұрғындардың бұл бастамасы партияның көпқабатты тұрғын үй тұрғындарымен тиімді байланыс орнатуға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзекті мәселелерді шешуге және тұрғындар, депутаттар мен жауапты мекемелер арасындағы тікелей коммуникацияны күшейтуге бағытталған жаңа «TURGYNDAR AMANATY» жобасына қолдау білдірудің көрінісі болды.

Акция барысында қатысушылар аула аумағын қоқыстан тазартып, іргелес аумақты ретке келтіріп, көпқабатты тұрғын үйлерді күтіп ұстауға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

Тұрғындардың айтуынша, «TURGYNDAR AMANATY» жобасының басталуы көпқабатты тұрғын үй тұрғындарының мәселелеріне жүйелі түрде көңіл бөліне бастағанын көрсетеді.

Қала тұрғыны:

«TURGYNDAR AMANATY» сияқты жобаның басталғанына өте қуаныштымыз. Көпқабатты тұрғын үй тұрғындарының мәселелеріне көңіл бөлініп, бізбен нақты жұмыс басталғаны қуантады. Соған ризашылық ретінде бүгін көршілерімізбен бірге шығып, «AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын қолдауға шешім қабылдадық. Өз ауламыздың таза әрі жайлы болғанын өзіміз де қалаймыз. Осындай бастамалар тұрғындарды біріктіреді деп ойлаймын.»

КСК өкілдерінің айтуынша, жоба тұрғындар, депутаттар және жауапты мекемелер арасындағы байланысты жедел әрі тиімді етуге мүмкіндік беріп отыр.

«Березка» КСК өкілі Бақыткүл Иргембаева:

«Мен осы тұрғын үй кешенінің пәтер иелерінің кооперативінің өкілімін. «AMANAT» партиясының 20 жылға жуық мүшесімін. Ең алдымен «AMANAT» партиясына «TURGYNDAR AMANATY» жобасын іске қосқаны үшін алғысымды білдіремін. ПИК өкілі ретінде айтарым, мұндай формат өте қажет болды. Қазір депутаттармен, жауапты мекемелермен тікелей байланыс орнату әлдеқайда жеңілдеді. Тұрғындардың мәселелерін көтеріп, жедел кері байланыс алуға мүмкіндік бар. Бұл тек бір үйге ғана емес, басқа нысандарда да нақты нәтиже беріп жатыр. Ал бүгінгі акция — тұрғындар, партия және басқарушы ұйымдардың бірлесіп нақты іс атқара алатынының жақсы мысалы.»

«TURGYNDAR AMANATY» жобасы көпқабатты тұрғын үйлер тұрғындарының өмір сапасын арттыруға, тұрғын үй-коммуналдық саладағы тиімді өзара іс-қимыл жүйесін қалыптастыруға және тұрғындарды өз үйі мен ауласына қатысты мәселелерді шешуге белсенді тартуға бағытталған.

 

 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#экологиялық акция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);