AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум / Алматы тұрғындары референдум мен жаңа Конституциян...

Алматы тұрғындары референдум мен жаңа Конституцияны қолдайды

Референдум 02.03.2026, 11:26 551
Алматы тұрғындары референдум мен жаңа Конституцияны қолдайды
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

15 наурыз күні Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өтеді. Алматы тұрғындары азаматтық ұстанымын білдіріп, қала халқын дауыс беруге шақырып жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматылықтардың пікірінше, референдумға қатысу — әр қазақстандықтың құқығы ғана емес, азаматтық парызы да.

Көпбалалы ана Айнаш Мақұлбекованың айтуынша, ел болашағы әр азаматтың таңдауына байланысты:

«Біз, Қазақстан азаматтары, еліміздің болашағы үшін міндетті түрде келіп, дауыс беруіміз керек. Кім “жақтап”, кім “қарсы” боларын халық шешер. Ең бастысы — қатысу. Біз мемлекеттің дамуы мен балаларымыздың игілігіне бағытталған өзгерістерді қолдаймыз».

Тұғырдан секіру спортының жаттықтырушысы Павел Васильев те пікір білдірді.

«Мен міндетті түрде дауыс беруге барамын. Бұл біздің таңдауымыз, біздің болашағымыз. Сондықтан мұндай науқаннан ешкім шет қалмауы керек».

Зейнеткер Шолпан Сақыпова дауыс беруге саналы түрде қараудың маңыздылығын айтты:

«Референдум — ел үшін маңызды оқиға. Дауыс бермес бұрын Конституцияға ұсынылып отырған өзгерістермен мұқият танысып алу қажет. Әр азамат өзінің азаматтық борышын орындауы тиіс».

Ерікті Қымбат Нұрдәулет жастарды белсенді болуға шақырды:

«Әсіресе жас ұрпақтың қатысуы ерекше маңызды осы жолы. Қазақстанның қандай болары біздің қалай атсалысқанымызға байланысты».

Қала тұрғындары алдағы референдум тәуелсіз әрі еркін Қазақстанның дамуына үлес қосуға үлкен мүмкіндік екенін айтады. Азаматтар дауыс беруге белсене қатысса, мықты әрі жауапты қоғам қалыптасар сенімді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#референдум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);