конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы тұрғындары кремацияға қатысты өз қалауын ен...

Алматы тұрғындары кремацияға қатысты өз қалауын енді электронды үкімет жүйесі арқылы алдын ала рәсімдей алады

Алматы Кеше 12:10 85
Алматы тұрғындары кремацияға қатысты өз қалауын енді электронды үкімет жүйесі арқылы алдын ала рәсімдей алады

Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында кремацияға қызығушылықтың біртіндеп артып келе жатқанын атап өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мамандар мұның негізгі себептері ретінде урбандалу, ірі қалалардағы зираттар үшін жер ресурстарының шектеулі болуы және халықтың экологиялық сауаттылығының артуын атады.

«Бұл бағыттың дамуына электронды үкімет жүйесі арқылы кремацияға қатысты ерік білдіру функциясын іске асыру жөніндегі пилоттық жобаның енгізілуі де қосымша фактор болды. Аталған механизм рәсімдерді жеңілдетуге, қызметтің қолжетімділігін арттыруға және азаматтың өз еркін алдын ала білдіру мәселесіне қоғамның ашық көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді», – делінген мәлімдемеде.

Айта кетейік, кремация тек марқұмның өзі құжат жүзінде рәсімдеген ерік білдіруі болған жағдайда ғана жүргізіледі. Ал мұндай құжат болмаған кезде туыстарының кремация өткізуді сұрап жасаған өтініші қызмет көрсетуге негіз болмайды.

«Айына орта есеппен 2-3 кремация рәсімі жүргізіледі. Бұл ретте кремациядан кейін марқұмдардың туыстарының басым бөлігі күлі салынған урнаны алып, оны кейін жерлеуді немесе туыстарының қабіріне қайта жерлеуді таңдаған», – деп хабарлады басқарма.

Сондай-ақ басқармаға кремация қызметін алу үшін шетел азаматтарының туыстары да жүгінген. Крематорийге Қытай азаматтарына қатысты үш, Ресей азаматтарына қатысты екі, сондай-ақ Ұлыбритания мен Өзбекстан азаматтарына қатысты бір-бір өтініш түскен.

Алайда бұл жағдайлардың ешқайсысында шетел азаматтарының туыстары марқұмның кремацияға қатысты ресми ерік білдіруін ұсынбаған. Осыған байланысты оларға кремация өткізуден бас тартылған.

Қалалық билік цифрлық сервистердің дамуы және азаматтарды ақпараттандыру деңгейінің артуына қарай ритуалдық қызметтер құрылымындағы кремация үлесі біртіндеп көбейеді деп күтеді.

Қазақстандағы алғашқы крематорий 2026 жылғы 30 сәуірде ашылды. Ол дәстүрлі жерлеуге қосымша, азаматтың еркіне негізделген балама ретінде іске қосылған

Телеграм арнаға жазылыңыз
#крематорий
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бір палаталы Құрылтай жұмыс істей бастайды

Бүгін 09:49

Жаңа Конституция – жасампаз әрі озық Қазақстанның негізі

Бүгін 09:46

Алматыда бір тәулікте 1 357 жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды

Бүгін 09:27

Канье Уэсттің концерті басталуына санаулы минуттар қалды

Кеше 20:48

Алматы және Алматы облысындағы тұтынушылардың электрмен жабдықталуы қалпына келтірілді

Кеше 20:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);