ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы тұрғындары әлеуметтік желіде ерекше бастама...

Алматы тұрғындары әлеуметтік желіде ерекше бастама көтеріп отыр

Әлеумет 09.02.2022, 07:54 1,138
Алматы тұрғындары әлеуметтік желіде ерекше бастама көтеріп отыр
Сурет: 24.kz
Олар жол жиегіндегі тротуарларды жанай немесе оның үстіне салынған кафе мен дүкендерді суретке түсіріп, мекенжайларын жариялауда.

Олар жол жиегіндегі тротуарларды жанай немесе оның үстіне салынған кафе мен дүкендерді суретке түсіріп, мекенжайларын жариялауда.


Осылайша өзекті мәселеге тиісті органдардың назарын аударғылары келеді. Себебі жаяу жүргіншілер көлік жолымен жүруге мәжбүр. Жоғалған тротуарды жергілікті билік жоқтамаған соң, тұрғындар әлеуметтік желі арқылы жауаптыларды іздей бастады. Қала тұрғыны Галина Свиридованың бастамасын өзге тұрғындар да қолдап, шаһардың әр жеріндегі заңсыздықтарды жіпке тізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 



«Жолға қатысты кез келген талап адамдардың қауіпсіздігі үшін жасалған. Сол талап бойынша тротуардың ені сақталуы керек. Бізде өкінішке орай, мұндай заң қадағаланбайды. Сондықтан көптеген көшелерде тротуарлар жоқ. Олар бұрын болған, қосымша құрылыс салынып кеткен», - дейді қала тұрғыны Галина Свиридова.



Алматылықтар заң талаптарына салғырт қараған мекемелерді тексеру керектігін айтады. Ал өңірлердегі жер инспекцияларына жауапты Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабына сәйкес, кәсіпкерлерді тұрғындардан жазбаша арыз түспейінше тексеруге болмайды.



«Жеке кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке, ашығын айтқанда, жауапкершілікке тарту мүмкін емес. Мораторийға байланысты қандай кәсіпкер болса да, біз барып, жұмысын тексере алмаймыз. Яғни бұл жерде ол қазір көшенің бойында тұр ма немесе оның жарты метрі ме немесе толығымен тротуарды жауып алды ма деген секілді мәселе», - дейді ҚР АШМ баспасөз хатшысы Дамир Егізбаев.



Соған қарамастан, құзырлы органдар Алматыда өткен жылы 490 кәсіпкерлік нысанын тексерген. Оның 258-і - мемлекет меншігіндегі жерге заңсыз кіргендер. Қазір осы кәсіп иелеріне қатысты тиісті шара қолдану жағы қарастырылуда.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,445 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,256 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,338 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,184 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.