AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы тұрғындарды сумен 100 пайыз қамтамасыз етуг...

Алматы тұрғындарды сумен 100 пайыз қамтамасыз етуге жақындады

Әлеумет 08.12.2021, 07:32 1,225
Алматы тұрғындарды сумен 100 пайыз қамтамасыз етуге жақындады
almaty-akshamy.kz

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Жаңа Алматыны» дамытудың 2020-2024 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау, қоғамдық кеңістіктер мен полиорталықты қалыптастыру туралы айтып берді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


«Жаңа Алматыны» дамытудың кешенді жоспарының іс-шараларын іске асыруды жыл сайын қаржыландыру шамамен 200 млрд теңгені құрайды. Бүгінде жоспар аясында қаланы дамытудың полиорталықты моделін ескере отырып, қала шетіндегі көлік, бизнес және әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту бойынша 286 жоба іске асырылуда.



Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету басты міндет болып табылады. Су құбыры желілерінің құрылысы жалғасуда және бүгінгі күні Алматы тұрғындарының 98,5%-ы орталық сумен жабдықталған.



Қалаға қосылған аумақтардағы су тапшылығы мәселесін шешу үшін келесі жылдың сәуір айында Қарғалы өзеніндегі су жинау құрылысы аяқталады. 2022 жылы Ақсай өзені мен Ерменсай шағын ауданында осындай құрылыстар басталады.



2025 жылдың соңына қарай Алматы тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету 100%-ды құрайды.Қала өмірінде газ инфрақұрылымы маңызды рөл атқарады. Қазіргі кезде Алматыда үйлердің 99,2%-ы газбен жабдықталған.



Сот арқылы иесіз инженерлік желілерді анықтау және тану жұмыстары жалғасуда. Сот шешімдерінен кейін желілер коммуналдық меншікке қабылданып, кейіннен жаңғыртылады. Бүгінгі таңда жалпы ұзындығы 168,2 км болатын 246 инженерлік инфрақұрылым нысаны анықталып, иесіз деп танылды.



Бұдан басқа, ағымдағы жылы әкімдіктің қаулыларымен 2019 жылға дейін анықталған объектілер коммуналдық меншікке қабылданды. Оның ішінде 96,6 км сумен жабдықтау желілері, 42,7 км су бұру желілері бар.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #Ауызсу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);