Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы троллейбус паркі 100% жаңартылды - Ерболат...

Алматы троллейбус паркі 100% жаңартылды - Ерболат Досаев

Әлеумет 06.12.2024, 14:39 580
Алматы троллейбус паркі 100% жаңартылды - Ерболат Досаев
Сурет Алматы қаласы әкімдігі
Алматы әкімдігі көлік саласындағы жобаларды іске асыру үшін алғаш рет «жасыл» облигациялар шығаруды жоспарлап отыр

Алматы әкімдігі көлік саласындағы жобаларды іске асыру үшін алғаш рет «жасыл» облигациялар шығаруды жоспарлап отыр

Алматы қаласының 3 жылдық бюджеті бекітілген қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы барысында мегаполис әкімі Ерболат Досаев келесі жылға жоспарланған көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі негізгі жобалар туралы айтып берді, деп хабарлайды  aqshamnews.kz

«Біз қоғамдық көлік сапасын дамытуға баса назар аудара отырып, Алматы қаласының көлік қаңқасын (каркасын) қалыптастыруды жалғастырудамыз. 2025 жылы ҮАААЖ радиалды жолдарды салу үшін Абай даңғылы мен Саин көшесін ұзарту аяқталады, сондай-ақ Тілендиев және Солтүстік айналма көшелерін ұзарту басталады. Жалпы, көлік қаңқасын қалыптастыруды жалғастыру және радиалды жолдарды ұзарту үшін келесі жылға 34 млрд. теңге бөлінді» - деді Ерболат Досаев. 

 Қала басшысы қоғамдық көліктердің сапасын арттыру үшін биыл 600 газбен жүретін  және 100 электробус сатып алынғанын атап өтті, бұл қоғамдық көліктің орташа пайдалану мерзімін 6 жылдан 2,5 жылға дейін төмендетуге, қала тұрғындарының сапарларының жайлылығы мен экологиялық тазалығын жақсартуға мүмкіндік берді. Сондай - ақ, ағымдағы жылы троллейбус паркін 100% жаңарту аяқталды-бұл 212 троллейбус. Сонымен қатар, 2025 жылы қосымша 600 газбен жүретін автобус пен 200 электр автобусы сатып алынады.

«2025 жылы Алматы әкімдігі Желтоқсан көшесі бойынша BRT желісін салуды жалғастыру, 100 жаңа электр автобустарын сатып алу және троллейбустарға арналған 10 тартқыш қосалқы станцияларды жаңарту сияқты жобаларды іске асыру үшін алғаш рет «жасыл» облигациялар шығаруды жоспарлап отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз батыс бағыттағы қолданыстағы метро желісін «Барлық» базарына дейін кеңейтуге және шығыс бағытта Алматы қаласының халықаралық әуежайына дейін жаңа желі салу бойынша сырттан қарыз тарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізіп жатырмыз", - деді Ерболат Досаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,459 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,270 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,349 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,993 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,191 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.