Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / "Алматы" телеарнасындағы бағдарлама мен телехикаял...

"Алматы" телеарнасындағы бағдарлама мен телехикаялардың 75%-ы қазақ тілінде болады

Әлеумет 09.09.2022, 06:46 1,380
"Алматы" телеарнасындағы бағдарлама мен телехикаялардың 75%-ы қазақ тілінде болады
Сурет: Almaty.tv

Жаңа маусымдағы жобалар қандай болады?


«Алматы» телеарнасы ребрендинг өткізіп, жаңа маусымда өзіндік өнім ретінде 26 бағдарлама ұсынбақ. Оның ішінде он бірі – жаңа жоба, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. 


Телеарнаның бас директоры Тимур Базарбаевтың айтуынша, «Алматы» телеарнасы ересектер аудиториясын да, әлеуметтік желілер мен онлайн ресурстарды кеңінен қолданатын жас көрермендерді де қамти алатын «заманауи классикаға» барынша көңіл бөлмек.



«Хабар таратудың жаңғырған тұжырымдамасы жастарды көбірек қамтуды көздейді. Сондықтан біздің бағдарламаларымызда отбасылық құндылықтарды нығайтуға және отбасы мүшелерінің ынтымағын арттыруға баса көңіл бөлінеді. Телеарна бағдарламаларында Отанға деген махаббат, жақынға жанашырлық, тарихымызға, мәдениет пен өнерімізге құрметпен қарау сияқты сияқты қасиеттер дәріптеліп отырады. Өндірілетін бағдарламалар мен телехикаялардың 75 пайызы қазақ тілінде болады. Біздің басты мұратымыз – көрерменге дер кезінде әрі шынайы ақпарат беру. Біз халықты алаңдататын өзекті мәселелерді көтерумен қатар, көптеген сауалдарға көрермендермен бірге жауап іздейміз. Біздің басты міндетіміз – осы», – деді Тимур Базарбаев. 



Almaty TV жаңа маусымда ұсынып отырған жобалардың ішінде Айнұр Ілиясова, Інжу Әнуарбек, Айым Бегматтың әйел мен бала денсаулығы туралы «Ана мен бала» бағдарламасы, Серік Ақышевтің «IQ Almaty» атты мектеп оқушыларына арналған интеллектуалдық викторинасы, демалыс күнгі таңғы шоу «Сәлем, Алматы!», «Жұлдызды такси» атты музыкалық-әзіл бағдарламасы, сондай-ақ, «Алматыдағы әңгіме», «Таңғы студио», «Алматинские истории», «Алматы со вкусом», «Обо всем без купюр», «Шешімі бар», «Темір тұлпар» сияқты жобалар бар.


Сондай-ақ жаңа маусымда айтыс жанрына арналған «Біржан – Сара ізімен» атты ерекше форматтағы бағдарламаның тұсауы кесілмек.



Биылғы күзде «Алматы» телеарнасы өзіндік өнім ретінде бірнеше телехикая ұсынбақ. Олардың ішінде Мұхтар Әуезовтің повесі желісімен түсірілген «Қилы заман» телехикаясы, «Жазмыш» мелодрамалық телехикаясы, «Ақ пен қара», «Медеудегі кездесу», «Менің бапкерім – 2» және «Тайталас», «Менің үйім» ситкомы, сонымен қатар, Баян Алагөзова ұсынған «Томпи» комедиясы бар. 



 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#телеарна #бағдарлама #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.