ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы технопарк құру үшін қытайлық инвестиция тар...

Алматы технопарк құру үшін қытайлық инвестиция тартады

Әлеумет 18.02.2025, 16:10 1,087
Алматы технопарк құру үшін қытайлық инвестиция тартады
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қытайға жұмыс сапары аясында Алматы әкімі Ерболат Досаев Tus-Holdings Co директорлар кеңесінің төрағасы Ван Цзюмен кездесіп, инновация, технология және инвестиция салаларындағы ынтымақтастықтың...

ҚХР-ға жұмыс сапары аясында Алматы әкімі Ерболат Досаев Tus-Holdings Co. директорлар кеңесінің төрағасы Ван Цзюмен кездесті.

Тараптар инновация, технологиялық даму және инвестициялық жобалар бойынша ынтымақтастықтың келешегін талқылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Tus-Holdings Co. – Цинхуа университеті негізінде құрылған ғылыми-технологиялық инвестициялық мемлекеттік-жекеменшік холдингтік топ. Оның нарықтық капитализациясы 28 млрд АҚШ доллар. Компанияның әлемнің 80-ден астам қаласында инновациялық техноорталықтары, 200-ден астам технологиялық инкубаторлары және 400 технопаркі бар. Сондай-ақ, Tus-Holdings Co. Бейжіңде «TusPark» жобасын жүзеге асыруда. Бұл әлемдегі ең ірі университет жанындағы ғылыми-технологиялық парк.

Кездесу барысында Қазақстанда бизнес-инкубатор, білім беру кластері және ғылыми парк құру сияқты жобаларды іске асыру мүмкіндігі қарастырылды.

Ерболат Досаевтың айтуынша, Алматыда экономиканы әртараптандыру аясында жоғары технологиялық өндірістер, креативті индустрия, IT-сектор және туризм қарқынды дамып келеді. Қаладағы Индустриалды аймақ пен «ИТП» АЭА бүгінде автомобиль жасау, медициналық бұйымдар өндірісі, ғылыми-білім беру және АКТ (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) салаларында кластерлер қалыптастыратын негізгі алаңдарға айналған.

«Өткен жылдың желтоқсан айында халықаралық рейтинг агенттігі Fitch Алматы қаласының тәуелсіз несиелік рейтингін «BBB+» деңгейінде растады. Бұл Қазақстан Республикасының «BBB» деңгейіндегі егемендік рейтингінен жоғары. Алматының жоғары несиелік рейтингі қарқынды экономикалық дамуымен, жергілікті бюджеттің кірістерінің айтарлықтай өсуімен және төмен қарыз жүктемесімен байланысты. Қазақстанның ең ірі экономикалық орталығы ретінде қаламыз Қытай инвестициялары үшін негізгі хаб болуға дайын», – деді Ерболат Досаев. 

Өз кезегінде, Tus-Holdings Co. директорлар кеңесінің төрағасы Ван Цзю «Алматы – Қазақстандағы ең инвестициялық тартымды өңірлердің бірі» екенін атады. Ол компанияның «ИТП» АЭА-пен серіктестікке қызығушылық білдіретінін және Қазақстанды ғылыми және технологиялық бастамаларды жүзеге асыру үшін болашағы зор нарық ретінде қарастыратынын айтты.

Tus-Holdings Co. өкілдері биыл наурыз айында Қазақстанға келіп, жергілікті нарықты зерттеу мақсатында кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, Алматыда 50/50 үлесімен бірлескен технопарк ашу мәселесі қарастырылады.

Келіссөздердің қорытындысында Ерболат Досаев Tus-Holdings Co. өкілдеріне кездесуге уақыт бөлгені үшін алғыс білдіріп, технологиялық кәсіпкерлік экожүйесін дамыту аясында өзара тиімді серіктестікке сенім артатынын айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,446 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,257 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,343 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,185 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.