AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы тауында бір күн бұрын жоғалған қыз өлі табы...

Алматы тауында бір күн бұрын жоғалған қыз өлі табылды

Барлығы 21.12.2025, 10:09 1,249
Алматы тауында бір күн бұрын жоғалған қыз өлі табылды
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Алматы тауындағы Бутаков сарқырамасы маңынан бір күн бұрын жоғалған қыз өлі табылды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Бұл туралы Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.

"19 желтоқсан күні кешке 102 қызметіне туысы қоңырау шалып, қыздың таулы аймаққа сноуборд тебуге шығып, байланысқа шықпай қалғанын хабарлаған", – делінген хабарламада.

Ақпарат түскеннен кейін іздеу аумағына құтқару қызметінің күштері, полиция қызметкерлері, ТЖМ РОСО құтқарушылары, сондай-ақ еріктілер жіберілді. Оқиға орнында Алматы қаласы мен Алматы облысы ТЖД басшылығымен жедел штаб құрылды.

"20 желтоқсанда сағат 13:04-те іздестіру-құтқару жұмыстары барысында Бутаков сарқырамасы ауданында Букреев шыңы маңында жоғалған қыздың денесі табылды", – деп нақтылады баспасөз хабарламасында.

Құтқарушылар мәйітті теңіз деңгейінен 2 100 метр биіктен Бутаков шатқалындағы бақылау-құтқару бекетіне дейін түсіріп, кейін полиция қызметкерлеріне тапсырды.

"Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соңғы сәйкестендіру барлық қажет сараптама аяқталғаннан кейін жүргізіледі", – делінген хабарламада.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Алматы қаласы, Алматы облысы ТЖД, құтқару қызметі, ТЖМ РОСО, ТЖМ апат медицинасы орталығы және еріктілерден 73 адам, 10 техника, 5 ұшқышсыз ұшу аппараты, 3 кинологиялық есептоп жұмылдырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тау #өлім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);