AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы тауында 750 шақырымға жуық соқпақ абаттанды...

Алматы тауында 750 шақырымға жуық соқпақ абаттандырылды

Барлығы 12.11.2025, 10:01 699
Алматы тауында 750 шақырымға жуық соқпақ абаттандырылды
Алматы әкімдігі

2025 жылы Алматыда тау инфрақұрылымын дамыту қарқынды түрде жалғасып жатыр. Қалада 1 мың шақырымнан астам таудағы жүргінші бағыттары цифрландырылды, оның ішінде 750 шақырымға жуық бөлігі абаттандырылды. 7 кемпинг аймағы құрылды, сондай-ақ ауқымды полиграфиялық және цифрлық материалдар дайындалды. Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасының өкілдері хабарлады.

Биыл 10 басым тау бағыты көркейтіліп жатыр (оның ішінде Көкжайлау жотасына көтерілетін бағыттар, "Нұрлытау" маңынан басталатын соқпақтар, Бутаковка бағыты, "Халық соқпағы", Кімасар мен "Панорама" бағыттары және т.б.). Жұмыс аясында навигациялық көрсеткіштер, ақпараттық тақталар, түрлі-түсті бағыттық белгілер, демалыс алаңқайлары, орындықтар, қоршаулар мен қауіпсіздік элементтері орнатылды. Соқпақтарда құлама тастардан қорғау құрылғылары, ағаш өткелдер, баспалдақтар және арнайы демалыс алаңдары жасақталды.

Алма-Арасан шипалы бұлағы маңындағы кешенді қайта жаңғырту аяқталды. 775 метрлік жүргіншілер соқпағы қайта абаттандырылып, еңіс бөліктері бекітілді, көпірлер қалпына келтірілді және қауіпсіздік элементтері орнатылды.

Қолжетімділікті арттыру үшін жалпы тиражы 27 500 данадан тұратын баспа өнімдері (атлас, карта және гид-брошюра) дайындалды. Сонымен қатар үш тілде Брайль қарпімен материалдар әзірленді. 110-нан астам туристік нысан мен 10 маршрутты қамтитын аудиогид бес тілде жасалды.

Туризм басқармасы тау инфрақұрылымын дамыту және цифрлық сервистерді енгізу Алматыны белсенді демалысты ұнататын азаматтар үшін қауіпсіз әрі тартымды ете түсетінін атап өтті. Бұл экотуризм саласында жаңа өнімдер қалыптастыруға және туристердің қалаға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Сонымен бірге туристерге тауда қауіпсіздік ережелерін сақтауды, ауа райын мұқият қадағалауды және арнайы дайындықсыз немесе тиісті жабдықсыз шықпау қажеттігі ескертіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жол #соқпақ #абаттандыру #тау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);