ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматы тауында 20 жастағы бала жоғалып кетті

Алматы тауында 20 жастағы бала жоғалып кетті

Алматы 28.07.2025, 17:48 527
Алматы тауында 20 жастағы бала жоғалып кетті
ТЖМ
Әлеуметтік желілерде Алматы тауында қазақстандықтың жоғалып кеткені туралы хабар тарады. Бұл жағдайға қатысты қалалық ТЖД баспасөз қызметі пікір білдірді, - деп жазады Аqshamnews.kz.

Әлеуметтік желілерде Алматы тауында қазақстандықтың жоғалып кеткені туралы хабар тарады. Бұл жағдайға қатысты қалалық ТЖД баспасөз қызметі пікір білдірді, - деп жазады Аqshamnews.kz.

Әлеуметтік желілерде не жазылды?

Threads желісінде Алан есімді жігітті іздеу туралы хабарлама жарияланды:

"Аланды іздейміз, жасы – 20, бойы – 175–180 см. 27 шілдеде таңертең Медеу жағынан Жастар шыңына (пик Молодежный) қарай тауға кеткен, содан бері байланысқа шықпады. Кейінгі рет таңертең, 27 шілдеде хабарласқан", – делінген жазбада.

Ол кезде жігіт қызыл флиска (ұзын жеңді кофта), қара шорты, қара кроссовки, қара кепка киіп жүрген. Сонымен қатар ақ-сұр рюкзагы болған. Жанында қосымша лосины, қара күртеше болуы мүмкін.

"Ол Жастар шыңына Медеу жағынан 1Б бағытымен көтерілген болуы мүмкін. Таңғы 6:00 шамасында оны біреулер Медеуде асфальт аяқталатын тұстан көрген. Мүмкін, ол Алма-Арасан жағынан (1А маршруты) немесе Медеу жағынан (1Б маршруты) түскен шығар. Кімде-кім оны көрсе немесе қандай да бір ақпарат білсе, +7 701 764 64 74 нөміріне шұғыл хабарласуыңызды сұраймыз. ТЖМ іздеу жұмыстарын бастап кетті, бірақ аумақ өте үлкен, сондықтан еріктілер – іздеуге шығуға дайын адамдар, дрон иелері мен иттері бар кинологтар өте қажет", – делінген хабарламада.

ТЖД не дейді?

Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі бұл жағдайға пікір берді:

"27 шілдеде кешкі сағат 23:02-де Медеу ауданында іздестіру-құтқару жұмыстары басталды. Таңертең тауға кеткен 20 жастағы жігіттің жоғалғаны туралы хабар келіп түсті. Ол 17:00-де қайтып келуге тиіс болған. Байланыс тек тәтесі арқылы болған – геолокация қосылмаған. Ол жылы кофта, шорты мен кроссовки киіп жүрген. Бұл уақытта тауда жаңбыр мен бұршақ жауып, 4000 метр биіктікте қар түскен", – делінген хабарламада.

Іздеу жұмыстары Жастар шыңының маңында (4147 м) басталған. Оған "Медеу" постының және "Тұйық-Су" бақылау-құтқару пунктінің құтқарушылары тартылды.

"Құтқарушылар Мынжылқыға көтеріліп, Жастар шыңына қарай жаяу бағыт алған. Жастар, Титова және Т1 шыңдары тексерілді – із-түз табылмады. Мынжылқы үстіртінде ТЖД, еріктілер және дрондар қатысқан жедел штаб құрылды. "Қазавиақұтқару" тікұшағы дайын, алайда ауа райы қолайсыз – 1800 метрден жоғары бұлтты, найзағай, секундына 20 метрге дейін жел соғып тұр, бұл ұшуға кедергі", – деп мәлімдеді ведомство.

Құтқарушылардың кеңестері

Бұған дейін тәжірибелі құтқарушы Вадим Пак тауға шықпас бұрын есте сақтау керек бірнеше кеңес берген:

  • Жалғыз баруға болмайды, тіпті гидпен болсаңыз да, маршрутты алдын ала зерттеңіз;

  • Киім мен аяқкиімді ауа райы мен жер жағдайына сай таңдаңыз – алыстан көрінетін ашық түсті болсын;

  • Рюкзакта міндетті түрде жылы киім, тамақ, дәрі-дәрмек қобдишасы, фонарик, пауэрбанк және термос болу керек;

  • Жолға шығар алдында туыстарыңызға маршрутты, қайту күнін айтып, топтағы әр адамның суретін жіберіп қойыңыз.

Қосымша кеңестер сілтемеде берілген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,265 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.