Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы тауларында арнайы орнатылған үйшіктерді пан...

Алматы тауларында арнайы орнатылған үйшіктерді паналаған туристер тобы құтқарылды

Әлеумет 05.01.2023, 09:07 1,067
Алматы тауларында арнайы орнатылған үйшіктерді паналаған туристер тобы құтқарылды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Үш алматылық арнайы үйшікті паналаған. 


Соңғы екі аптада Алматыда жаңадан үш қосымша тау үйшігі орнатылды. Енді олардың саны 18. Соңғы мәліметтер бойынша, тек соңғы 2 айда ғана осы үйшіктерді туристердің 10-нан астам тобы баспана ретінде паналаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Туристік топтан ажырап қалған үш алматылық 25 желтоқсанда «Кіші Алматы айналымы» бағыты бойынша адасып қалады. Тау жорығында Медеу — Кимасаров шатқалы — Фурмановка — Панорама— Башута — Шымбұлақ — Талғар үлкен асуы— Шымбұлақ — Медеу бағыттары қарастырылған. 


Өз күштерін ескермеген әрі арнайы жабдықтарсыз және азық-түлік қорынсыз олар Кіші Алматы шатқалындағы арнайы таулы үйшікті паналайды. 



«Олар түскі асқа дейін топпен бірге шығып, бес сағат аралығында топтан мүлдем ажырап, адасып кетеді. Бақытымызға орай, олар күн батқанға дейін арнайы үйшікті паналаған. Үшеуінде шамдары, жылы киімдері болған жоқ. Егер таулы үйшікті паналамағанда, олар түнде қатты адасып, үсіп қалулары мүмкін еді», - деді тау құтқарушысы Нұрбол Нұралин.




Құтқарушылар үйшіктен сағат 21:00-де хабар алады, содан кейін құрамында Нұрбол Нұралин бар құтқарушылар тобы адасқан туристерге жіберіледі. Түнгі сағат 2-де олар Кіші Алматы шатқалына жетіп, туристердің жағдайын тексеріп, оларға ыстық тамақ береді. Таңертең адасқан топ қалаға жетті.


 Тау үйшіктерін орнату жобасының басынан бері 20-дан астам топ туристік баспананы пайдаланды. Бүгінде Алматы тауларында аса маңызды бағыттардың қиылысу нүктелерінде 18 тау үйшігі бар. 



«Туристік үйшікте қонып шыққан соң, олардың өте пайдалы екеніне көз жеткіздім. Үйшік мен үшін құтқарушы болды, өйткені мен тіземнің ауырсынуын сезініп, кері қарай жүре алмадым. Арнайы үйшікте түнеп шыққан соң, @visitalmatykz-ке алғыс айтқым келеді, өйткені бұл үйде тау туристері үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған: ТЖМ-ге қоңырау шалу түймесі; электр жарығы және ұялы телефонды зарядтау құрылғысы; дайындалған отыны бар пеш; шкафта кружка мен компанияның логотиптері бар үш көрпе болды.Алғашқы медициналық көмек қобдишасы мен үш кереует бар, үйшік алыстан бірден  көрінеді, қызғылт сары түске ие», - деп жазды құтқарылған турист Салтанат әлеуметтік желідегі парақшасында. 



Бүгінде Іле Алатау тауларында ауа райының қолайсыздығы немесе күрделі жорықтар кезінде туристер паналайтын жаңадан 3 қосымша тау үйшіктері орнатылды. Олар Үлкен Алматы шатқалындағы «Терра» алаңында, сондай-ақ Кіші Алматы шатқалындағы Букреев пен Құмбел шыңдарында орналасқан. 


Үйшіктер құтқарушылармен шұғыл байланыс жүйесімен жабдықталған, оларда алғашқы көмек апаттық жиынтығы - алғашқы медициналық көмек қобдишасы, мобильді құрылғыларды зарядтау станциясы, жылы көрпе және  бұзылмайтын азық-түлік жиынтығы ( сіріңке, тез дайындалатын кеспе, крекер, банкадағы ботқа, отын) бар. Арнайы үйшіктер алыстан көзге бірден шалынатын ашық қызғылт сары түске боялған.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тау #турист
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.