Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтетін ALMATY SUMMER FEST тағы бір жарқын музыкалық кешке шақырады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Бір сахнада - қазақ эстрадасының аңызы, бүгінгі музыканың жарқын өкілдері, жастардың сүйікті орындаушылары және түрлі жанрдағы ерекше өнерпаздар.
Бұл аптада сахна төрінде:
Роза Рымбаева, TURAR, ZIRUZA, Dosekesh, Ержан Максим, Danna, Don Baraban Show, Айым Асхатқызы, Есен Жусупов, Мирас Ерболат, DARHAN, Amina Esimzhan, Дархан Қали, Қуанышқызы Назерке, KENZHE, Dako Kalenov, “Qazaq ART“ вокалдық хоры және Түрксіб ауданының өнерпаздары.
Кеш жүргізушілері:
Дидар Каден & Балауса Ерғалина
22.08.2026
18:00
«Алатау» дәстүрлі өнер театрының алаңы
Жаз аяқталуға жақын, ал біз жарқын естеліктер сыйлауды жалғастырамыз! Осы сенбіде кездескенше!