Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы су тасқынының алдын алуға кірісті  

Алматы су тасқынының алдын алуға кірісті  

Әлеумет 16.02.2026, 15:31 83
Алматы су тасқынының алдын алуға кірісті  
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда қалалық қызметтердің көктемгі су тасқынына даярлығын пысықтап жатыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматыдағы Экология және қоршаған орта басқармасы басшысының орынбасары Аршат Бақтыгереев осы жөнінде мәлімдеді. Оның айтуынша, су тасқыны болады деп алаңдауға негіз жоқ, тұрғын үй секторы мен инфрақұрылым нысандарын көктемде су басатын қауіп те едәуір азайған.

Алматы аумағында 153 су нысаны бар, оның ішінде жалпы ұзындығы 586,2 шақырым болатын 109 су арнасы мен 44 су айдыны бар. Қалада 29 тіреу гидротехникалық құрылысы жұмыс істейді, олардың жетеуі жөндеуді қажет етеді, соның ішіндегі алтауы коммуналдық меншікте екен.

«Қаладағы еріген су мен жаңбыр суының ағысын қамтамасыз ететін ұзындығы 1 525 шақырым болатын арық желісі бар. Су бөгелес үшін арық пен өткелдерді күн сайын тазартып отырады. Су жайылып жатса 52 бригада жедел жұмыс істеуге тағы дайын отыр», – дейді Аршат Бақтыгереев.

Қазір  қаланың орталық, шығыс және батыс бөлігінде арық желісі мен нөсер кәрізін салып, оны қайта жаңғырту жобасы қолға алынып жатыр.

Осы жолы қаланың орталық бөлігінде жұмыстар толық аяқталып, 158 учаскеде 76,6 шақырым арық желісі қайта жаңғыртылды.

Шығыс жақтағы ұзындығы 26,2 шақырым болатын 58 жердегі жұмыс та аяқталды, биыл қосымша 30 жердегі 7,6 шақырымда осындай жұмыс істеледі.

Батыс бөлігінде қазіргі уақытта 9,3 шақырым жұмыс атқарылды, 2026 жылға жоспар 41,7 шақырымды құрайды.

2026 жылғы су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайдың алдын алу үшін 1 867 адамнан, 775 бірлік техникадан, 119 мотопомпа мен 6 жүзу құралынан тұратын күштер мен құралдар дайындалды. 23 500-ден астам қап пен 17 843 тонна инертті материал қоры жасақталды, сондай-ақ қалқалар мен уақытша орналастыратын орындар жағы да әлден әзірленіп қойылды.

Су тасқыны кезеңіне арнаулы қызметтер сақадай сай отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#инфрақұрылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.