ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы студенттері ауған соғысы ардагерлерімен кез...

Алматы студенттері ауған соғысы ардагерлерімен кездесті

Әлеумет 20.02.2025, 10:20 895
Алматы студенттері ауған соғысы ардагерлерімен кездесті
aqshamnews.kz
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінде Дінтану мамандығының 1-курс студенттеріне арналған «Сен халқыңның жүрегіндесің, жауынгер!» атты тәрбие...

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінде Дінтану мамандығының 1-курс студенттеріне арналған «Сен халқыңның жүрегіндесің, жауынгер!» атты тәрбие сағаты өтті. 

Іс-шара 15 ақпан – Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылған күніне орай ұйымдастырылған болатын. Мақсаты – ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, жат жерде көз жұмған жерлес азаматтарды еске алу және жастарға патриоттық тәрбие беру. 

Іс-шараға жалындаған жастық шағын оқ пен от арасында өткізіп, елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан интернационалист-жауынгерлер, атап айтқанда «Абырой» ауған соғысы ардагерлері одағының төрағасы Дауылбек Әли Нариманұлы және оның бірқатар жауынгер-ардагер әріптестері арнайы келді. Дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры Қарлығаш Борбасова жиында өзінің алғысөзін айтып, қазіргі таңда студенттер үшін ауған соғысы ардагерлерінің естелік әңгімелерін тыңдау өнегелі тәрбие деп атап өтті.

Ауған соғысының ардагер жауынгерлері студенттерге туған елін сүю, құрметтеуге баулитын тағлымды ақыл-кеңестерін айтты.

«Біз бәріміз өз отанымыздың патриоты болуымыз керек. Өкінішке орай, біздің қоғамда мемлекет алдындағы әскери міндетін атқарудан қашатын жастар жоқ емес. Бұл дұрыс емес. Ұлтарақтай жерімізді ата-бабаларымыз найзаның ұшымен біздер үшін аманат етіп сақтап қалды. Сондықтан отан алдындағы борышты өтеуге міндеттіміз!», – деді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,446 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,257 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,343 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,185 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.