AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы стенді Сеулдегі халықаралық туристік көрмед...

Алматы стенді Сеулдегі халықаралық туристік көрмеде үздіктердің бірі болып танылды

Барлығы 10.06.2025, 11:02 789
Алматы стенді Сеулдегі халықаралық туристік көрмеде үздіктердің бірі болып танылды
Алматы әкімдігі

Алматының туристік әлеуеті Сеулдегі SITF 2025 халықаралық көрмесіне ұсынылды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz. 

Корея Республикасының астанасы Сеулде 5-8 маусым аралығында Азиядағы ең ірі туристік көрмелердің бірі — Seoul International Tourism Fair (SITF 2025) өтті.

Көрмеге 800-ге жуық туристік сала өкілдері, соның ішінде ұлттық туристік агенттіктер, туроператорлар және 70 елдің қонақүй желілері қатысты. 

Алматы стенді келушілер мен сарапшылардың назарын ерекше аударды, ал көрме соңында "SITF 2025 стендінің үздік дизайны" құрметті марапатына ие болды.

Көрме қонақтары домбырашылардың өнерін, қолданбалы өнер шеберханаларын, қазақ ұлттық киімдері қойылған фото және гастрономиялық аймақтарды қамтитын бай интерактивті бағдарламаның арқасында Алматының қазақ мәдениеті мен рухының ауанын тамашалай алды. 

Стендтің жеке ерекшелігі иммерсивті маркетингті қолдану болды, онда келушілер VR-көзілдірік арқылы Алматыға виртуалды саяхат жасай алады.

"SITF 2025 көрмесіне қатысу Алматыны Оңтүстік Корея мен халықаралық нарықта бірегей туристік бағыт ретінде ілгерілетудегі маңызды қадам болды. Іс - шара барысында қазақстандық және шетелдік туроператорлар арасында B2B кездесулер өткізіліп, қаламызға 21 мыңға жуық туристті тартуды көздейтін ынтымақтастық туралы 30 келісімшартқа қойылды", - деп атап өтті Алматы қаласы Туризм басқармасының талдау және стратегиялық жоспарлау бөлімінің басшысы Мақпал Әбдіқадыр.  

Өз кезегінде көрме қонақтары Алматыға үлкен қызығушылық танытты.  

"Біз үшін Орталық Азиядағы осы әсем қала өте қызықты туристік бағыт болып табылады. Менің ойымша, Алматы-таулардың етегіндегі бірегей қала әрі оның заманауи дамуы ұлттық  рухқа өте бай екен. Бір кезде осы ару қалада боламын деп үміттенемін", - деп өз ойымен  бөлісті Сеул тұрғыны Ким Джиюн.

Айта кетейік, оңтүстік кореялық туристердің Алматыға деген қызығушылығы жыл сайын  артып келеді: 2024 жылы Корея Республикасынан келген туристер саны 20114 адамға дейін ұлғайды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 3,2% - ға көп.

Бұл - Алматының туристік тартымдылығын нығайту және әлемнің әр түкпірінен, соның ішінде Корея Республикасынан келетіндердің географиясын кеңейту жөніндегі маркетингтік науқанның негізгі элементтерінің бірі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #сеул #туризм #стенд
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);