AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қала қарбалас / «Алматы» спорт клубының спортшылары Х Азия Тынық м...

«Алматы» спорт клубының спортшылары Х Азия Тынық мұхиты ойындарында 12 медаль жеңіп алды

Қала қарбалас 11.12.2024, 14:38 1,153
«Алматы» спорт клубының спортшылары Х Азия Тынық мұхиты ойындарында 12 медаль жеңіп алды
Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Алматы» спорт клубы басшысының орынбасары Александр Полухин спортшылардың X Азия Тынық мұхиты ойындарындағы жетістіктерімен бөлісті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

16 спортшы мен 3 жаттықтырушыдан тұратын команда жарыстан 2 алтын, 8 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, керемет нәтижелермен оралды.

Грек-рим және еркін күресте жеңіске жеткен Хайратхаан Шонху клубқа алтын медальдар әкелді.

Александр Полухиннің сөзінше, бұл жетістік жақсы дайындық нәтижесі екенін көрсетті.

«Осындай жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін спортшылар мен жаттықтырушылар үлкен жұмыс жасады. Біз Алматы қаласының әкімдігі мен спорт басқармасына алға қойылған мақсаттарға жету үшін барлық қажетті жағдайларды жасағаны үшін зор алғысымызды білдіреміз», — деп бөлісті ӨКҚ спикері.

Спортшыларды қолдау аясында Алматы әкімдігі қамтамасыз етті: 

 • Жарыстарға дайындықты толықтай қаржыландырды. 
 • Ағымдағы жылы  клуб мүшелерінің саны 34 адамға дейін көбейген еді, клуб мүшелеріне ай сайынғы төлемдер.

Сонымен қатар, 2023 жылы қысқы және жазғы Сурдлимпиада ойындарында сәтті өнер көрсеткені үшін клуб спортшыларына 12 пәтер бөлінді:

•4 үш бөлмелі пәтер – алтын медальдар үшін.
•2 екі бөлмелі – күміс медальдар үшін.
 •6 бір бөлмелі-қола медальдар үшін. 

«Біз спортшыларымыздың лайықты қаржылық және әлеуметтік қолдау алғанын көргенімізге қуаныштымыз. Бұл бізді болашаққа өршіл мақсаттар қоюға итермелейді», - деп атап өтті Александр Полухин.

2025 жылы клубтың алдында Токиодағы Жазғы Сурдлимпиада ойындарына сапалы дайындық пен сәтті өнер көрсету міндеті тұр.

Жалпы, Қазақстан құрамасы есту қабілетін нашар спортшылар арасында өткен Х Азия Тынық мұхиты ойындарында 66 медаль жеңіп алып, 17 алтын, 25 күміс және 24 қола жүлдеге ие болды. Жарыс 2024 жылдың 1-8 желтоқсаны аралығында Куала-Лумпурда (Малайзия) өтті және 21 елден 1300 спортшының басын қосты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #Сурдлимпиада #Александр Полухин
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);