ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Оқиға / Алматы Спорт басқармасының басшысы қызметінен кете...

Алматы Спорт басқармасының басшысы қызметінен кететінін мәлімдеді

Оқиға 20.05.2022, 14:46 1,098
Алматы Спорт басқармасының басшысы қызметінен кететінін мәлімдеді
Cурет: Ашық дереккөз
Бәрі болды: жеңіс пен жеңіліс, өкініш пен қуаныш

Бәрі болды: жеңіс пен жеңіліс, өкініш пен қуаныш


Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсеитов денсаулығына байланысты қызметінен кетеді. Ол туралы өзінің Іnstagram парақшасына жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Рүстем Байсеитовтің хабарлауынша, қаңтар оқиғасы кезінде тиген оқтың жарақаты оны алаңдатып отыр және жұмыс қабілеті әлі қалпына келмеген.



«Білектің қозғалыс белсенділігін қалпына келтіру мен оңалтудың толыққанды курсынан өту керек болған соң, Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы лауазымын босатып, денсаулығыммен айналысуға шешім қабылдадым», - деп жазды ол.



Рүстем Байсеитов, сондай-ақ 2018 жылдың шілде айынан бастап алматылықтармен бірге біршама жетістіктерге жеткенін жазды.



«Бәрі болды: жеңіс пен жеңіліс, өкініш пен қуаныш. Қоғамдық сауалнама мен ҰОК мойындауы бойынша Алматы қаласы соңғы төрт жылдағы барлық кешенді Республикалық жазғы және қысқы спартакиадалардың, олимпиадалық цикл ойындары мен жарыстарының жеңімпазы, Үздік спорт өңірі атанды. Қала басшылығының қолдауымен жан басына қаржыландыру, спорт инфрақұрылымын арттыру бойынша маңызды әлеуметтік жобалар іске асты, қала аудандарындағы 6 спорт кешенінің 3-еуі іс жүзінде аяқталды. Осы жылдар бойы жеңіске жетуде сіздермен бірге жүргенімді мақтан тұтамын», - деп жазды ол.



Сөз соңында Р.Байсеитов спорттың өз өмірінде ерекше орын алатынын, ұзаққа созылмайтын оңалтудан соң алматылықтармен басқа жоспарларымен бірге қайта кездесуге үмітті екенін айтып, барлық қолдау білдіргендерге алғысын жеткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,275 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.