AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы циркіндегі иппотерапия: ерекше балаларға жа...

Алматы циркіндегі иппотерапия: ерекше балаларға жаттығу өткізілді

Барлығы 27.06.2025, 11:52 1,258
Алматы циркіндегі иппотерапия: ерекше балаларға жаттығу өткізілді
Алматы әкімдігі

Алматыда БЦП, Даун синдромы және аутизммен ауыратын балалар Қазақ мемлекеттік циркі базасында тегін иппотерапия курсынан өтуге мүмкіндік алды. Бұл жайында қаланың Мәдениет басқармасы мәлімдеді. 

Қарапайым қимыл-қозғалыс жасау және қоршаған ортамен байланыс орнату қиынға соғатын балалар үшін жылқылармен қарым-қатынас оңалудың жаңа жолын ашты. Көпшілік үшін бұл жай ғана алғаш рет атқа міну емес, ерекше әрі қуанышты сәт болды.

Иппотерапия – қимыл-қозғалыс қабілетін, үйлестіруді, зейін мен өзіне деген сенімділікті арттыруға бағытталған ғылыми тұрғыдан дәлелденген оңалту әдісі. Цирктегі мұндай сеанс баланың есінде ұзақ сақталатын әсерлі әрі жылы естелікке айналады.

Сабақты арнайы дайындықтан өткен кәсіби иппотерапевт мамандар жүргізді. ҚазМемЦирктің Nomad Stunts командасы жаттығу үшін балаларға арнайы үйретілген жуас жылқылар әкелді. 

«Жылқы баланың әрбір қимылын, ішкі күйін аңғарады. Ол бала үшін досқа, серікке айналады. Біз әр баланың өзіне деген сенімділікті сезінуіне мүмкіндік беретін қауіпсіз орта жасаймыз. Біздің цирк қайырымдылық қойылымдармен шектелмей, иппотерапияны да өткізеді. Балалармен жұмыс істеу біз үшін үлкен мәртебе әрі қуаныш», - деді цирк артисі, Nomad Stunts командасының жетекшісі Қанатбек Күнғожинов.
 
Иппотерапияға алғаш рет қатысқан жеті жастағы Әлімнің анасы бұл тәжірибенің ұлы үшін шынайы серпіліс болғанын айтты. 

«Әлім кішкентай кезінен адамдармен араласуда, эмоциясын білдіруде қиындық көріп келді. Алғашқы сеанс болғанына қарамастан, ол атқа қуана мініп, шеңберді бірнеше рет айналды. Оның жүзіндегі күлкі мен сенімді қимыл мұндай жаттығудың қаншалықты маңызды екенін дәлелдеп тұр. Бұл – балам үшін нағыз серпіліс. Осындай игі іс-шараны ұйымдастырып, қатысу мүмкіндігін бергендеріңізге алғысым шексіз», – деді Меруерт Сәрсенғалиева.

Балалар иппотерапия сабақтарына «АРДИ» мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарының қауымдастығы мен әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары арқылы шақырылады. Бүгінге дейін Алматы циркі базасында 40-қа жуық бала тегін иппотерапия курсынан өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Иппотерапия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);