Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы циркі балаларға жарқын сәттер сыйлады

Алматы циркі балаларға жарқын сәттер сыйлады

Әлеумет 31.05.2024, 19:22 964
Алматы циркі балаларға жарқын сәттер сыйлады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай AMANAT партиясы Алматы қалалық филиалы мен Қазақ мемлекеттік циркі өкілдері алматылық кішкентай достарға арнап цирк қойылымын ұйымдастырды. 

Мерекелік  қойылымға "Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың Ұлттық ғылыми орталығынан", "Үміт" саңырау мүгедектерді қолдау орталығынан, "Тағдыр" мүгедек балалар отбасылық клубынан, "Биік белеске бағыт", "Үмітіңді үзбе", "Арғымақ", "Ана тілегі", "Қайырымдық керуені", "Алатау аналары", "Шыңға өрлеу" қорларынан, Алмалы, Медеу, Бостандық, Наурызбай, Түрксіб, Алатау аудандарының мүгедектер қоғамынан, "Аяла", "Шапағат", "Парасат" әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарынан, "Қазақстан Республикасының Ардагерлер ұйымы", "Қамқорлық орталығы - Хэсэд Полина", "Қазақ зағиптар қоғамы", "Ерекше балалардың ата-аналары одағы" қоғамдық бірлестіктерінен, "Нұр" қайырымдылық отбасылық балалар үйінен жеткіншектер шақырылды. Сондай-ақ, циркті алматылық оқу озаттары, дарынды балалар, шығармашылық, олимпиада және спорттық сайыстардың жеңімпаздары, барлығы 100 бала тамашалады.

Алматы циркінің төрінде балалар алдында ең беделді Халықаралық цирк фестивальдерінің жеңімпаз артистері өнер көрсетті. Әуеде қалықтаған гимнасттардың, манежге шыққан көңілді клоундардың, тіпті, сүйкімді иттердің, епті мысықтардың, ақылды қонжықтың өнеріне мәз бола қол соққан балдырғандардың қуанышында шек болған жоқ.

– Бізге осындай жарқын сәттер сыйлаған жандарға алғыс айтамын. Осынау өмірдің күнделікті күйкі тірлігі біткен бе, кішкентай қызым үшін уақытымды бөліп келген едім, өте жақсы әсер алдым. Өзім де бір серпіліп, демалып қалдым. Қызым мәз болып, теледидардан көріп жүрген аюын бүгін көзімен көргеніне қуанып, қайта-қайта қол шапалақтап отырды. Мен секілді ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға сабыр, төзім және осындай жақсы күндердің мол болуын тілеймін, – дейді алматылық Сәуле Серперова.

Иә, бала табиғатына алаңсыз өмір, шаттық, қуаныш тән ғой, олар әсіресе, әлемге әйгілі "Без носков" клоун триосының өнеріне тәнті болып, ұзақ қол соғып отырды.
Қуанса, бала қуансын!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#балалар #қорғау күні #Цирк
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.