AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы ШЫҰ-ның мәдени әрі туризм астанасы болып бе...

Алматы ШЫҰ-ның мәдени әрі туризм астанасы болып бекітілуі мүмкін

Әлеумет 20.03.2023, 17:20 1,037
Алматы ШЫҰ-ның мәдени әрі туризм астанасы болып бекітілуі мүмкін
Сурет: ашық дереккөз

Ержан Еркінбаев Алматыны 2023-2024 жылдары ШЫҰ-ның мәдени және туризм астанасы ретінде бекітуді ұсынды.  


17 наурызда Үндістанның Варанаси қаласында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мемлекеттерінің туристік әкімшіліктері басшыларының кездесуі өтті. Қазақстандық делегацияны ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев басқарды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Іс-шараға Үндістан, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей мен Пәкістан өкілдері қатысты. Тараптар ШЫҰ елдерінде туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға және осы индустрияны бірлесіп дамытуға бағытталған бірнеше құжатқа қол қойды.


Вице-министр айтқан ұсыныстардың бірі ірі халықаралық іс-шаралар алаңдарында, оның ішінде бірыңғай стендтерде ШЫҰ мемлекеттерінің туристік әлеуетін ілгерілетудегі күш-жігерді біріктіру болды. Сондай-ақ Ержан Еркінбаев Алматыны 2023-2024 жыл аралығында ШЫҰ-ның мәдени және туристік астанасы етуді ұсынды.



«Бүгінгі таңда ШЫҰ елдерімен барлық салаларда ынтымақтастықты дамыту мен нығайтудың оң серпіні байқалады, туризм де солардың қатарында. Қазіргі уақытта Қазақстанда визасыз режим 79 елдің азаматтары үшін жұмыс істейді (ШЫҰ-ға мүше барлық мемлекеттерді қоса алғанда), осы тізімді 100 елге дейін жеткізу бойынша жұмыс жүргізілуде, сондай-ақ 100-ден астам әуе жолдары бойынша 30 мемлекетпен тікелей әуе қатынасы бар», - деді Ержан Еркінбаев.



Айта кету керек, 2023 жылдың шілдесінен 2024 жылдың шілдесіне дейін Қазақстан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мәдени #туризм #астанасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);