ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматы Шэньчжэнь қаласымен бірлескен цифрлық транс...

Алматы Шэньчжэнь қаласымен бірлескен цифрлық трансформация жобасын бастады

Алматы 21.08.2025, 12:48 597
Алматы Шэньчжэнь қаласымен бірлескен цифрлық трансформация жобасын бастады
Алматы әкімдігі
Алматыда Қытай Халық Республикасының Шэньчжэнь қаласы муниципалитетінің делегациясы мен Shenzhen Urban Transportation Planning Center Co., Ltd. (SUTPC) компаниясының өкілдерімен кездесу өтті....

Алматыда Қытай Халық Республикасының Шэньчжэнь қаласы муниципалитетінің делегациясы мен Shenzhen Urban Transportation Planning Center Co., Ltd. (SUTPC) компаниясының өкілдерімен кездесу өтті. Басқосуға Алматы қаласын дамыту орталығының мамандары, Цифрландыру басқармасы және қала әкімдігінің жобалық офисінің өкілдері қатысты.

Кездесудің негізгі тақырыбы – цифрландыру және орнықты даму саласындағы ынтымақтастық, оның ішінде «Алматының цифрлық егізі» жобасын іске асыру. Осыған орай Алматы қаласының Цифрландыру басқармасы мен SUTPC компаниясының арасында пилоттық жобаны іске қосу жөніндегі бірлескен декларацияға қол қойылып, нақты жұмыс басталатыны расталды.

«Жоспарларымыз қаланың инфрақұрылымы, экологиясы мен үдерісінің динамикалық цифрлық үлгісін құруға бағытталған. Алматы бірлескен инновациялар үшін ашық алаң болуға дайын», – деді Алматы қаласы Цифрландыру басқармасының өкілі Арын Амантай.

Қытай тарапынан Алматыға SUTPC өкілдерімен қатар Шэньчжэнь қаласы әкімдігінің Қалалық даму және реформалар комиссиясы төрағасының орынбасары Zhu Yun, Инновациялық құрылыс департаментінің директоры Li Fangli, Негізгі жобаларды үйлестіру департаментінің директоры Zou Wei, Азаматтық сектор реформалары офисі басшысының орынбасары Qiu Zhi және Халықаралық байланыстар офисінің хатшысы  Wan Hanxu келді.

Кездесу барысында Алматының цифрландыру, көлік және инновациялық салаларындағы негізгі жобалары таныстырылды. Тараптар келіссөз қорытындысы бойынша ынтымақтастықты жалғастыру, делегациялармен өзара алмасу және Алматыдағы басым инвестициялық жобалар жөнінде материалдар дайындау туралы уағдаласты.

«Біз Алматымен серіктестікті жоғары бағалаймыз. Цифрлық технологиялар мен көлік жоспарлау саласындағы тәжірибеміз табысты әріптестіктің берік негізіне айналарына сеніміз», – деді Shenzhen Urban Transportation Planning Center Co., Ltd. (SUTPC) компаниясының өкілі Ян Шуай.

Айта кетейік, Шэньчжэнь – әлемдегі жоғары инновациялық қалалардың бірі әрі Қытай экономикасының жетекші орталығы. Ол өнеркәсіптік өндіріс көлемі бойынша елдегі екінші орында, ал экспорт көлемі бойынша бірінші орында тұр. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында экспорт көлемі 1,31 триллион юаньнан асты. Сондай-ақ мұнда Huawei, ZTE, BYD Auto сияқты әлемдік алпауыт компаниялардың штаб-пәтерлері орналасқан.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,275 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.