ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы Шанхайда серіктестік туристік алаң ашады

Алматы Шанхайда серіктестік туристік алаң ашады

Әлеумет 14.05.2025, 15:54 608
Алматы Шанхайда серіктестік туристік алаң ашады
Алматы қаласы әкімдігі
Алматы мен Шанхай туризм саласындағы серіктестікті нығайтып отыр

Алматы мен Шанхай туризм саласындағы серіктестікті нығайтып отыр

 

Халықаралық әріптестікті дамыту және қаланың туристік әлеуетін ілгерілету мақсатында Алматы әкімдігі ҚХР-ның Шанхай қаласында серіктестік туристік алаң ашу бастамасын көтерді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Кең ауқымды Қытай аудиторияға бағытталған бұл салтанатты ашылу рәсімі 2025 жылдың маусым айында Shanghai Plaza іскерлік орталығында өтеді. Іс-шара аясында Алматы қаласының Туризм басқармасы мен Шанхайлық туристік компания арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою жоспарланған.

Азияның ең ірі мегаполистерінің бірінде ақпараттық-туристік алаң құру — Қытайдан келетін саяхатшылар үшін Алматыны тартымды бағыт ретінде ілгерілетудің маңызды кезеңі болмақ. Келушілерге көрнекі экспозициялар, мультимедиялық материалдар, сондай-ақ, туристік бағыттар, мәдени іс-шаралар, гастрономиялық ерекшеліктер және демалыстың басқа да аспектілері бойынша жеке кеңестер ұсынылады.

Серіктестік алаңның ашылуы Қытайдан келетін туристер легінің тұрақты өсуімен тұспа-тұс келіп отыр: 2024 жылдың өзінде Алматыға 95 мыңнан астам қытайлық турист келген. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 50%-ға артық. Жоба Алматы мен Шанхай арасындағы гуманитарлық және іскерлік байланыстарды кеңейту туралы келісім аясында жүзеге асырылады. Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың қараша айында екі қала арасында бауырлас қала мәртебесін орнату жөнінде Ниет хатына қол қойылған болатын. Бұл келісімді ресми түрде бекіту 2025 жылға жоспарланған.

Алматы мен Шанхай арасындағы тікелей әуе рейсінің ашылуы екіжақты туризмді дамытуға қосымша серпін береді. China Eastern Airlines әуе компаниясының тұрақты рейстері жақын арада басталмақ.

Қытаймен туристік және іскерлік ынтымақтастықты жан-жақты дамыту жөніндегі кешенді шаралар Алматының халықаралық имиджін нығайтуға, шетелден келетін туристер легін арттыруға және мәдени алмасуды кеңейтуге мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,288 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.