Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Алматы-Сарыөзек-Талдықорған» жолында экодуктар са...

«Алматы-Сарыөзек-Талдықорған» жолында экодуктар салынады

Әлеумет 02.03.2023, 08:10 941
«Алматы-Сарыөзек-Талдықорған» жолында экодуктар салынады
Сурет: Dw.com

Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған.


"Алтынемел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты арасында экологиялық байланысты қалпына келтіру мақсатында «Қапшағай-Балқаш» экологиялық дәлізі құрылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Қапшағай-Балқаш» экологиялық дәлізінің жалпы ауданы – 973 765 гектар. Бұл экодәліз мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтау, биологиялық әртүрлілік, жануарлардың көші-қонының табиғи жолдарын қорғау, жайластыру және өсімдіктерді сақтау үшін осы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар арасындағы кеңістіктік байланысты қамтамасыз етеді», - делінген Үкімет басшысының жауабында.



Оның дерегінше, қазіргі уақытта «Алматы-Талдықорған-Өскемен» республикалық маңызы бар жол бойында «Алматы-Сарыөзек-Талдықорған» және «Алматы-Сарыөзек-Қорғас» учаскелерінде жабайы жануарлардың қауіпсіз көші-қонына тиісті экодуктерді ұйымдастыру талап етіледі. Бұл жолдардың бойында малға арналған арнайы өткелдер (17 бірлік) болғанымен, жабайы жануарлардың өтуін толық қамтамасыз етпейді.



«Осыған байланысты Үкіметтің тапсырмасы бойынша Экология және табиғи ресурстар министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жабайы жануарлардың көші-қон жолдарын айқындау және жолдың жоғарыда көрсетілген учаскелерінде экодуктар салу жөніндегі жол картасын әзірлеп жатыр. Сонымен қатар, қарақұйрықтардың қауіпсіз көші-қоны үшін жол беткейлеріне рұқсат беру, үздіксіз бөлу және қоршау тосқауылдарын алып тастау және белгілі бір учаскелерде көлік қозғалысының жылдамдығын сағатына 60 шақырымға дейін төмендету (жылдамдықты бақылау камераларын орнатумен) нұсқасын қарастыру жоспарланды. Жол картасын әзірлеу және одан әрі іске асыру Үкіметтің бақылауында болады», - деді Әлихан Смайылов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Экодук #Алматы #Сарыөзек #Талдықорған
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.