AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум - 2022 / Алматы республикалық референдум өткізуге дайын

Алматы республикалық референдум өткізуге дайын

Референдум - 2022 03.06.2022, 11:00 1,405
Алматы республикалық референдум өткізуге дайын
almaty-akshamy.kz

Алматыда жалпыұлттық дауыс беру процесін қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қолданылғаны туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы аумақтық референдум комиссиясының төрайымы Жанна Асанова мен орынбасары Айгүл Қалықова айтып берді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.



«Қалада барлығы 574 учаске ұйымдастырылған, оның 67-сі арнайы мекемелерде – ауруханалар, санаторийлер, әскери бөлімдер. Сайлау комиссияларының барлық мүшелері каскадтық модель бойынша оқытудан өтті. Барлық сұрақтар бойынша сайлау учаскелеріне хабарласа аласыздар», – деді Ж. Асанова.



Спикерлер сондай-ақ дауыс беру тәртібі мен рәсімін түсіндірді. Мәселен, еліміздің басқа өңірлерінде тіркелген, бірақ осы күні Алматы қаласында жүрген азаматтар есептен шығару куәліктерін пайдалана отырып, өздерінің конституциялық құқығын пайдалана алады.



«Дауыс беру күні сайлаушылар жеке куәлікпен келеді, ал әскери бөлімдерде әскери билет көрсетіледі. Бұл жағдайда сіз тіпті электрондық құжаттарды пайдалана аласыз. Қазір адамдардың көпшілігінде eGov mobile мобильдік қосымшасы бар екені белгілі. Дауыс беру күні Алматыда болған, бірақ бастапқыда басқа өңірлерде тіркелген жері бойынша тізімге енген азаматтар да кез келген учаскеде алынған есептен шығару куәліктері бойынша дауыс беруге құқылы. Бүгінде 646 есептен шығару куәлігі берілген», – деді А. Қалықова.



Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін (денсаулық жағдайы бойынша немесе отбасының науқас мүшесінің күтіміне байланысты) үйде дауыс беру ұйымдастырылады. Ол үшін алдын ала өтініш жазу керек. Мұндай өтініштер 5 маусымда 12.00-ге дейін қабылданады.


Еске салсақ, 5 маусымда сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер бойынша жалпыұлттық референдум өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #реферндум #Қалықова
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);