AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы Қытай нарығында Орталық Азияның жетекші тур...

Алматы Қытай нарығында Орталық Азияның жетекші туристік бағыт ретіндегі орнын нығайтып келеді

Алматы 11.08.2026, 13:03 278
Алматы Қытай нарығында Орталық Азияның жетекші туристік бағыт ретіндегі орнын нығайтып келеді

Алматы халықаралық деңгейде туристік әлеуетін белсенді ілгерілетуді жалғастырып келеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Visit Almaty, Trip.com Group және Air Astana бірлескен науқаны қаланы Қытай нарығында танытуға бағытталған ең ауқымды бастамалардың біріне айналды. Науқан 75,3 млн-нан астам пайдаланушыны қамтып, жоспарланған тиімділік көрсеткішінен 107%-ға жоғары нәтиже көрсетті. Бұл туралы Алматы қаласының Туризм басқармасы хабарлады.

Науқан барысында екі ай ішінде Ctrip платформасы арқылы Air Astana әуе билеттерінің сатылымы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20 есе өсті. Бұл Қытай мен Алматы арасындағы тікелей әуе рейстеріне сұраныстың айтарлықтай артқанын көрсетті.

Науқан аясында Қытайдың ірі цифрлық платформалары, Trip.com мобильді сервистері, әлеуметтік желілер, тревел-блогерлер және әуе билеттеріне арналған арнайы ұсыныстар біріктірілді. Әлеуетті туристер үшін Алматының табиғи көрікті жерлері, гастрономиясы, мәдени іс-шаралары мен белсенді демалыс мүмкіндіктері туралы ақпарат қамтылған бірыңғай цифрлық гид әзірленді.

Науқан нәтижелерін талдау қазіргі қытайлық саяхатшылардың өз бетінше саяхаттауды, жеке бағыттарды және белсенді демалысты жиі таңдайтынын көрсетті. Әсіресе, ең көп сұранысқа ие бағыттар қатарында Шымбұлақ, Көлсай көлдері және Үлкен Алматы көлі бар. Бұл Алматының жыл бойы туристерді қабылдайтын бағыт ретіндегі жоғары әлеуетін айғақтайды.

Науқанның негізгі аудиториясын 35-49 жастағы саяхатшылар. Сонымен қатар 25-34 жас аралығындағы туристер санатында айтарлықтай өсу әлеуеті байқалады. Олар белсенді демалысқа, тау туризміне, жаяу бағыттар мен тау шаңғысы инфрақұрылымына жоғары қызығушылық танытады. Алматыға ат басын бұратын қытайлық туристердің басым бөлігі қалаға тікелей әуе қатынасы бар Бейжің, Шанхай, Үрімші, Гуанчжоу, Чэнду және Сиань сияқты қалалардан келеді.

Науқан нәтижелері Алматыны халықаралық нарығында әрі қарай танытуға, жаңа туристік өнімдерді дамытуға және туристер санын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл қаланың Орталық Азиядағы жетекші туристік орталықтардың бірі ретіндегі мәртебесін одан әрі нығайтуға жол ашады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#турист
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);