ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматы қуыршақ театры «Ортеке» фестивалінің Гран-п...

Алматы қуыршақ театры «Ортеке» фестивалінің Гран-при жүлдесін иеленді

Мәдени Алматы 26.05.2025, 17:57 671
Алматы қуыршақ театры «Ортеке» фестивалінің Гран-при жүлдесін иеленді
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласында өткен VII Халықаралық «Ортеке» қуыршақ театрлары фестивалінің салтанатты жабылу рәсімінде Қазақстанмен қатар Грузия, Түркия, Өзбекстан және Әзербайжаннан келген кәсіби қуыршақ...

Алматы қаласында өткен VII Халықаралық «Ортеке» қуыршақ театрлары фестивалінің салтанатты жабылу рәсімінде Қазақстанмен қатар Грузия, Түркия, Өзбекстан және Әзербайжаннан келген кәсіби қуыршақ театрлары өнер көрсетті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бес күн бойы қатысушылар  үздік  қойылымдарды көрермен назарына ұсынды. Фестиваль аясында аталған елдердің режиссерлері, актерлері, театртанушылары мен сарапшыларының  қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Онда қуыршақ театрының дамуы бойынша өзекті мәселелер, театр сыны, дәстүр мен заманауи көркемдік тәсілдердің өзара байланысы талқыланды.

Фестивальдің қазылар алқасы құрамына Қазақстан, Молдова, Тәжікстан және Түркиядан келген сарапшылар кірді.

Фестиваль жеңімпаздары түрлі номинациялар бойынша анықталды. Атап айтсақ, «Ең үздік спектакль» номинациясы бойынша Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры (Қазақстан)  Н. Гогольдің шығармасы бойынша қойылған «Шекпен» спектаклі, «Ең үздік режиссерлік жұмыс» номинациясы бойынша Димитрий Хвтисиашвили мен Гиа Марганияни, Нодар Думбадзе атындағы Мемлекеттік кәсіби жастар театры (Грузия) «Отелло» спектаклі, «Ең үздік актерлік жұмыс» номинациясы брйынша Ержан Биғашев, Маңғыстау облыстық қуыршақ театрының актері (Қазақстан) – Ю. Поспелованың пьесасы бойынша қойылған «Дос іздеймін» спектаклі, «Ең үздік суретші жұмысы» номинациясымен  Батуми Мемлекеттік кәсіби қуыршақ және жастар театры (Грузия)  «Отбасы» спектаклі, (сценографиясы И. Киквадзе мен Н. Сабашвилидікі) «Ең үздік актерлік ансамбль» аталымы бойынша Қостанай облыстық қуыршақ театры (Қазақстан) Николоз Сабашвилидің пьесасы бойынша қойылған «MEN…» спектаклі марапатталды.

«Ортеке» фестивалі тағы бір мәрте театр өнерінің дамуына және мәдениеттер арасындағы байланысты нығайтуға ықпал ететін халықаралық мәдени алаңға айналды.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.