конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы құрылыс-техникалық колледжі TurkicSkills-20...

Алматы құрылыс-техникалық колледжі TurkicSkills-2025 бірінші халықаралық чемпионатына қатысуда

Барлығы 06.10.2025, 17:10 741
Алматы құрылыс-техникалық колледжі TurkicSkills-2025 бірінші халықаралық чемпионатына қатысуда
Cурет: Алматы құрылыс-техникалық колледжі

2025 жылдың 5-9 қазаны аралығында Ақтауда Мемлекет басшысы жариялаған Біліктілік жылы аясында түркітілдес елдер арасында алғашқы кәсіби шеберлік чемпионаты «TurkicSkills» өтіп жатыр, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Бұл тарихи оқиғаға Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Венгрия, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Моңғолия сияқты сегіз елден 16 мен 22 жас аралығындағы 100-ден астам жас маман мен 80 жоғары білікті сарапшы қатысады.

Ұлттық құрама сапында Алматы құрылыс-техникалық колледжінің студенттері бар. Тынышбай Дінмұхамед пен Кәрім Ілмұрат «Сантехника және жылумен жабдықтау» және «Дәнекерлеу технологиялары» құзыреттері бойынша Қазақстан атынан қатысады.

Байқау ақпараттық технологияларды, құрылыс және құрылыс технологияларын, өндірістік және инженерлік технологияларды, әлеуметтік және жеке қызметтерді қамтитын 15 негізгі құзыретті қамтиды. Мобильді робототехника және ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрон) басқару сияқты перспективалы салаларға ерекше назар аударылады.

Бұл ауқымды халықаралық жоба көгілдір жұмыс орындарының беделін нығайтуға, кәсіби кеңістік құруға, түркітілдес елдердің жас мамандарының тәжірибе алмасуын ынталандыруға бағытталған.

Чемпионат жастардың әлеуетін ашуда, заманауи технологияларды ілгерілетуде және заман талабына төтеп бере алатын білікті кадрлардың жаңа буынын дамытуда маңызды алаң болмақ.

Ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасы Білім министрлігі. Жобаны Қазақстан Республикасы Білім министрлігіне қарасты «Талап» ҰБО және Маңғыстау облысының әкімдігі жүзеге асыруда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #құрылыс-техника колледжі #TurkicSkills
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ғарыштық ауқым: Канье Уэсттің Алматыдағы шоуы қалай өтіп жатыр

Кеше 23:11

«Тәртіпке, тазалыққа шақырамыз»: концертте еріктілер қалай жұмыс істеп жатыр

Кеше 22:50

Мыңдаған шақырымды еңсерді: Канье Уэсттің жанкүйері Алматыға арнайы келді

Кеше 22:05

Канье Уэсттің Алматыдағы концерті дәл белгіленген уақытта басталды

Кеше 22:01

«Бұл – баламның арманы еді»: анасы Канье Уэсттің концертіне екі баласын ертіп келді

Кеше 21:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);