AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы Қазақстан сәнінің астанасы болып қала беред...

Алматы Қазақстан сәнінің астанасы болып қала береді: ұлттық стиль қазақстандық сәннің өзегіне айналды

Алматы Бүгін 15:13 67 yakiya
Алматы Қазақстан сәнінің астанасы болып қала береді: ұлттық стиль қазақстандық сәннің өзегіне айналды
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күніне орай отандық сән индустриясының дамуына арналған брифинг өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жиында дизайнерлер мен сала мамандары Қазақстандағы fashion-индустрияның қазіргі үрдістерін талқылады.

Белгілі дизайнер, Сән үйінің негізін қалаушы Аида Кауменованың айтуынша, қазақстандық брендтерге деген қызығушылық жылдан жылға артып келеді. Оның пікірінше, ұлттық стиль қазіргі сән индустриясында маңызды орынға ие және ол өзіндік мәдени кодты айқындаудың бір құралына айналған.

Дизайнер ұлттық құндылықтардың сақталуына отбасы тәрбиесінің рөлі зор екенін атап өтті.

«Біздің мәдени мұрамыз өте бай. Ол аналарымыз бен әжелеріміз арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп келеді. Біз сол құндылықтарды қазіргі заманғы киім үлгілерінде көрсетуге тырысамыз», - деді ол.

Аида Кауменованың айтуынша, қазақстандық дизайнерлердің әрбір топтамасында ұлттық стильдің элементтері кездеседі. Бұл ою-өрнек қана емес, сонымен қатар киімнің пішіні, силуэті, материалы және сәндік шешімдер арқылы да көрінеді.

Соңғы жылдары отандық брендтер саны да артып келеді. Бұған ішкі нарықтағы сұраныстың өсуі және тұтынушылардың жергілікті өнімге деген қызығушылығы себеп болып отыр.

«Бастапқыда көпшілік біздің подиумдағы көрсетілімдерімізді бірден қабылдай қойған жоқ. Бірақ уақыт өте келе адамдардың ұлттық тамырға деген қызығушылығы қайта оралды», - деді дизайнер.

Сонымен қатар ол қазақстандық киімдердің бағасына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, отандық өнімнің қымбат болуының басты себебі – шикізаттың басым бөлігі шетелден әкелінеді және өндіріс көлемі халықаралық брендтермен салыстырғанда әлдеқайда аз.

«Бір киімді тігіп, оның дайын нұсқасын жасап шығу - үлкен командалық жұмыс. Біреу үлгісін жасайды, біреу тігеді, біреу әшекейлейді, тағы біреуі сатылым мен жеткізілуін ұйымдастырады. Сондықтан әрбір өнімнің артында үлкен еңбек жатыр», - деді ол.

Дизайнер ұлттық стиль тек ою-өрнекпен шектелмейтінін атап өтті. Оның айтуынша, ұлттық ерекшелік киімнің құрылымы, формасы, материалы және жалпы эстетикасы арқылы да көрінеді.

Ол мысал ретінде Өзбекстандағы адырас матасын келтіріп, әр елдің сән индустриясында өзіндік материалдық ерекшеліктер қалыптасатынын айтты. Ал Қазақстанда дизайнерлер әртүрлі маталар мен стильдерді еркін қолданып, авторлық шешімдерге көбірек мән береді.

«Ұлттық стиль - бұл тек ою-өрнек емес. Ол формада, матада, бөлшектерде және дизайнердің көзқарасында көрінеді», - деді Аида Кауменова.

Мамандардың айтуынша, бүгінгі таңда қазақстандық сән индустриясы қарқынды дамып, өзіндік стиль қалыптастыруда. Ұлттық құндылықтар мен мәдени код отандық брендтердің басты ерекшелігіне айналып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сән
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жарқын сәтке толы жаз

Бүгін 16:54

Қазақстан мен Түркия жастары «Қайрат» ФК академиясының тәжірибесімен танысты

Бүгін 16:48

Футболдан Әлем чемпионаты басталады

Бүгін 16:12

Ұлылар ұя салған өлке

Бүгін 15:10

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды

Бүгін 14:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);