Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы – Қазақстан экономикасының қозғаушы күші

Алматы – Қазақстан экономикасының қозғаушы күші

Әлеумет 26.08.2022, 11:09 1,105
Алматы – Қазақстан экономикасының қозғаушы күші
almaty-akshamy.kz

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, AMANAТ фракциясының мүшесі Сырым Адамбаев Алматыдағы «ASSET» ЖШС полимерлік бұйымдарды өндіру зауытының жұмысымен танысу және кәсіпорын қызметкерлерімен кездесу барысында осындай пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.



«ASSET компаниясы» - 2009 жылы Қазақстан мен бүкіл Орта Азия нарығына ең сапалы құрылыс материалдарын жеткізетін компания. Өзінің даму кезеңінде үш адамнан тұратын шағын кәсіпорыннан құрылыс материалдары нарығында 60 жұмыскері бар ірі өндіріске дейінгі жолды өтті. Қазір зауыт Алматы қаласының Индустриялық аймағында орналасқан, онда 70 жобаның 19-ы іске асырылып, жыл басынан бері 3500-ден астам жұмыс орны ашылды. Қалған жобаларды 2025 жылға дейін іске асыру жоспарлануда, нәтижесінде аталған аумақта Алматы қаласында сайлауалды бағдарламаны орындау жөніндегі Жол картасына сәйкес 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылады.



Қазіргі уақытта зауыт Қазақстандағы желдету, жылу және гидрооқшаулау құрылыс жүйелерінің арасында жетекші орында. Зауыт сонымен қатар жуғыш заттарды – киім және ыдыс жуатын сұйық заттар мен сабын шығарумен айналысады.


Зауыт қызметкерлерін тыңдап болған соң, Парламент мүшесі қызметкерлерге қажетті жағдай жасалғанына, жалақы уақытылы берілетініне, индустриялық аймақта үш автобус бағыты жұмыс істейтініне көз жеткізді. Жұмысшылар депутаттан жолдардың жағдайын жақсартуды және қосымша жол белгілерін қоюды сұрады.



«Біздің фракция мүшелері Қазақстан бойынша кездесулер өткізуде. Кездесулер әртүрлі жерлерде өтеді – бұл мектептер, ауруханалар, мұражайлар, зауыттар және басқа да салынып жатқан нысандар. Бүгін біз отандық материалдар шығарылатын және бағасы шетелден төмен болатын Индустриялық аймаққа бардық. Сондай-ақ, мұнда арнайы жоғары оқу орнын ашу жоспарлануда, студенттер енді тікелей өндірісте тәжірибеден өте алады», - деп атап өтті С.Адамбаев.



Бүгін мәжілісмендер Алматыдағы халықпен кездесулерді аяқтады. Еңбек ұжымдарымен, жастармен сөйлесу, олардың проблемаларын білу және республикалық деңгейде көтеру - депутаттардың басты мақсаты. Нәтижесінде депутаттар азаматтардың тілектері мен ұсыныстарын ескере отырып, олардың мәселелерін республикалық деңгейде көтереді, ал олардың құқықтық шешімдерді талап ететіндерін талқылаудан кейін заңнамалық түрде бекітеді.


Бұл жолы AMANAT партиясы фракциясының мүшелері Алматы қаласындағы отыздан астам еңбек ұжымында болып, мыңға жуық алматылықтармен кездесті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #аманат #Адамбаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.