AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау-2023 / Алматы қаласының мәслихатына 42 депутат сайланады

Алматы қаласының мәслихатына 42 депутат сайланады

Сайлау-2023 10.02.2023, 05:30 1,955
Алматы қаласының мәслихатына 42 депутат сайланады
Өңірлік коммуникациялар қызметі

 Мұндай мәліметті Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласының Аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Айгүл Қалықова келтірді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.
 
Атап өтетін жайт, сайланатын 42 депутаттың  21-і - бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша, 21-і - партиялық тізім бойынша.


Қазіргі уақытта Алматы қаласының мәслихат депутаттарын партиялық тізімдер арқылы сайлау бойынша 6 саяси партияның тізімдерімен 153 кандидат ұсынылды. Атап айтқанда: 
«Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі (42 кандидат) 
«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі (20 кандидат)
«AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалы (63 кандидат)
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігі» (6 кандидат)
«Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігі» (15 кандидат)
«Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігі (7 кандидат)


 Саяси партиялар құжаттарды "Сайлау туралы" Конституциялық заңның талаптарына сәйкес ұсынады. Әрбір партиялық тізімде әйелдер мен 29 жасқа толмаған адамдардың саны кемінде 30 пайызды құрайды.
 
Алматы қаласы мәслихаты депутаттарын сайлау бойынша 21  бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша 210 кандидат ұсынылды.
Орташа есеппен бірмандатқа 10 адамнан келеді. Ең үлкен бәсекелестік 4-ші округте бір орын үшін 19 адам.
Ұсынылған кандидаттардың 166-сы ер адам, 44-і әйел адам. 
Ең жас кандидат 2002 жылғы болса, ең үлкені - 1947 жылғы.


"Сайлау туралы" Конституциялық заңға сәйкес кандидаттарды тіркеу туралы мәліметтер БАҚ-тарда және сайлау комиссияларының интернет-ресурсында жарияланады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мәслихат #сайлау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);