AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы қаласының Бостандық ауданында 4 мектеп жөнд...

Алматы қаласының Бостандық ауданында 4 мектеп жөнделуде 

Әлеумет 06.09.2024, 10:18 1,836 Bakyt
Алматы қаласының Бостандық ауданында 4 мектеп жөнделуде 
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматының Бостандық ауданында 4 мың орындық екі «Жайлы мектеп» пайда болады
 

Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді, деп хабарлайды aqshamnews.kz
 
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша басталған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру аясында ауданда 4 мың орындық екі жаңа мектеп салынуда. Қала әкімі атап өткендей, Егізбаев көшесіндегі 2500 орындық мектепті келесі оқу жылы басталғанға дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Розыбакиев көшесіндегі 1500 орындық екінші мектеп 2024 жылдың соңына дейін аяқталады. 

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда қалалық әкімдіктің жобалық кеңсесінің қолдауымен жүзеге асырылатын «Жайлы мектеп» жобасы аясында 36,8 мың орындық 22 мектеп жұмыс істейтін болады. Бірінші мектеп осы жылдың 1 қыркүйегінде Әуезов ауданында № 97 ескі мектеп-гимназия орнында ашылды.

Білім беру нысандарын жаңғырту үшін биыл 5 оқу орнын сейсмикалық күшейтумен күрделі жөндеу жоспарланған. Оның ішінде №70 жалпы білім беретін мектепте жөндеу жұмыстары аяқталды, ал №138 гимназияда осы жылдың қазан айында аяқталады.

Қыркүйек айында №189 және №191 жалпы білім беретін мектептерде жұмыс басталды, олар 2025 жылдың тамызында аяқталады. №73 мектепте 2025 жылдың соңында аяқталатын 450 орындық қосымша құрылысымен жөндеу жоспарланған.

Ауданның мектепке дейінгі ұйымдарында орын тапшылығын азайту бойынша да белсенді жұмыс жүргізілуде. Жыл басынан бері 13 жекеменшік балабақша ашылды, №113 бөбекжайға күрделі жөндеу жүргізілді, жалпы жобалық қуаты 480 орындық балабақшаларға арналған ғимараттар қайта жаңартылды және №81 балабақша жөнделуде. Сонымен қатар, 2025 жылдың соңында аяқталатын үш балабақшаны жөндеу жоспарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Бостандық ауданы #мектептер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);