AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / «Алматы қаласының бірыңғай деректер қоймасы» жобас...

«Алматы қаласының бірыңғай деректер қоймасы» жобасы ұлттық конкурста үздік деп танылды

Өмір-өзен 09.12.2021, 07:48 1,554
«Алматы қаласының бірыңғай деректер қоймасы» жобасы ұлттық конкурста үздік деп танылды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қатысушылардың байқау жұмыстарын академияның халықаралық және ұлттық стандарттар бойынша сертификатталған жобалау менеджерлері қатарындағы бағалаушылар бағалады.


Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Цифрландыру басқармасының «Алматы қаласының бірыңғай деректер қоймасы» жобасы бірден екі номинация бойынша Qazaqstan Project Management Awards-2021 байқауының жеңімпазы атанды: «Жергілікті атқарушы органдар арасындағы жылдың үздік жобасы» және «Жылдың үздік жоба менеджері».


ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының байқауын ұйымдастырушы жоба менеджері Аида Дәрменоваға 2021 жылғы 7 желтоқсанда «Алтын сапа» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының жыл сайынғы рәсімінде марапатты табыс етті.


Байқауға орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор, бизнес өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, еліміздің жоғары оқу орындары қатысты. Биыл «Үздік жоба», «Үздік жоба менеджері» және «Үздік жобалық кеңсе» номинацияларына 306 өтінім келіп түсті.


Еске салсақ, Алматының бірыңғай деректер қоймасы биыл іске қосылды, оған қалалық әкімдіктің барлық басқармаларынан, ведомстволық бағынышты коммуналдық және серіктестік ұйымдардан мәліметтер жинақталған. Оны әзірлеу кезінде Сингапурдың тәжірибесі пайдаланылды, онда ұлттық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдар 30 жыл бойы осылай жұмыс істеп келеді.


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #стандарт #сертификат #коммуникация
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);