ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматы қаласының барлық аудандарында жаңа жылдық ш...

Алматы қаласының барлық аудандарында жаңа жылдық шыршалардың шамдары бір мезгілде жағылады

Алматы 18.12.2025, 14:15 353
Алматы қаласының барлық аудандарында жаңа жылдық шыршалардың шамдары бір мезгілде жағылады
Алматы әкімдігі
18 желтоқсанда Абай алаңында жаңа жылдық мерекелердің ресми басталуын білдіретін дәстүрлі қалалық мәдени шара – Алматы қаласының бас шыршасының шамдарын жағу рәсімі өтеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

18 желтоқсанда Абай алаңында жаңа жылдық мерекелердің ресми басталуын білдіретін дәстүрлі қалалық мәдени шара – Алматы қаласының бас шыршасының шамдарын жағу рәсімі өтеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қаланың бас шыршасының биіктігі 22 метр құрайды. Оны безендіру үшін 7 километрлік жаңа жылдық гирляндалар, сондай-ақ көп түрлі жарқын декоративтік элементтер, ірі және ұсақ шырша шарлары, тақырыптық жаңа жылдық ойыншықтар және сыйлық иллюминациялары пайдаланылған.

Қала тұрғындары мен қонақтары үшін заманауи мультимедиялық технологиялар, ауқымды жарық элементтерімен безендіру мен қазақстандық эстраданың танымал әртістерінің қатысуымен өтетін мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

Кештің маңызды сәті – қала тұрғындары мен қонақтарының және жаңа жылдың басты кейіпкері Аяз Атамен бірге қаланың бас шыршасының шамдарын салтанатты түрде жағу рәсімі болмақ. Концерттік кеш аясында Аяз Ата мен Ақшақар қала тұрғындарын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, көрермендерге арналған интерактивті және ойын-сауық бағдарламаларын ұсынады.

Мерекелік кештің ашылуы қазақстандық эстрада жұлдыздары, шоу-балет әртістері мен мәнерлеп сырғанаушылар орындайтын «Кел, Жаңа жыл!» атты вокалды-хореографиялық қойылымымен басталады. 

Сонымен қатар, концерттік бағдарлама аясында Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева, Али Оқапов, Мәди Рымбаев, «КешYOU», «Жігіттер», «Astra» топтары, Балжан Бидаш және Kodi сынды танымал орындаушылар өнер көрсетеді.

Сондай-ақ, қаладағы барлық сегіз ауданында жаңа жылдық шыршалардың шамдарын жағуға арналған салтанатты рәсімдер өтеді. Барлық іс-шаралар 18 желтоқсанда сағат 19:00-де келесі мекенжайларда ұйымдастырылады:
Жетісу ауданы – «Гүлдер» саябағы (Серіков көшесі, 2А);
Бостандық ауданы – «Атакент» КІЫО;
Әуезов ауданы – «Family Park»;
Медеу ауданы – «28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ»;
Алатау ауданы – «Алматы Арена» спорт кешені;
Наурызбай ауданы – Шұғыла шағынауданы, 347 (амфитеатр);
Түрксіб ауданы – №6 Оқушылар үйі (Сейфуллин көшесі, 13/1);
Алмалы ауданы – Абай атындағы опера және балет театры алаңы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.