AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы қаласының әкімі  кітап оқу эстафетасын жалғ...

Алматы қаласының әкімі  кітап оқу эстафетасын жалғастырды

Алматы 02.05.2026, 14:36 271 Сұлу
Алматы қаласының әкімі  кітап оқу эстафетасын жалғастырды
Видео кадры

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында кітап оқу мәдениетін насихаттауға бағытталған республикалық бастама Алматыда жалғасын тапты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясындағы «Кітап аманаты» эстафетасы Алматы қаласына жетті. Бұған дейін эстафетаны Абай облысының әкімі Берік Уәли бастап, кейін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жалғастырған болатын. Енді игі бастама Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға табысталды.

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды эстафетаны ресми түрде қабылдап алып, өз сөзінде кітап оқудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Ол Алматыда қазіргі таңда 37 мемлекеттік кітапхана, тәулік бойы жұмыс істейтін 7 заманауи цифрлық кітапхана және 32 автоматтандырылған кітап аппараты жүйелі түрде қызмет көрсетіп тұрғанын атап өтті. Сонымен қатар, қалада ірі Президенттік кітапхананың құрылысы жүргізіліп жатқаны белгілі болды. Бұл жоба оқу мәдениетін дамытуға тың серпін бермек.

Қала әкімі кітапсүйер қауымға Мұхтар Әуезовтің «Өскен өркен» романын оқуға ұсынды. Сөз соңында «Кітап аманаты» эстафетасын Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровке жолданды.

Айта кетейік, өткен аптада Қызылорда облысының әкімі Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романын оқуға ұсынған болатын. Аталған шығарма бойынша “Хабар” арнасының таңғы тікелей эфиріне алғаш болып хабарласқан Қарағанды облысы, Приозерск қаласының тұрғыны Нүризат Темірқұл жүргізушінің сұрақтарына нақты жауап беріп, жүлделі iPhone иегері атанды.

Көрермендер назарына: Келесі жұма күні сағат 07:00-09:00 аралығында «Хабар» арнасының таңғы эфирінде Мұхтар Әуезовтың «Өскен өркен»  романы бойынша викторина өтеді. Жеңімпазды тағы да бағалы сыйлық күтеді.

«Кітап оқитын ұлт» жобасы - жаппай кітап оқу мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, қазақ қаламгерлерінің еңбегін ұлықтауды және ұлттық әдеби мұраны дәріптеуді көздейтін бірегей бастама.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Дархан Сатыбалды #кітап оқитын ұлт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);