AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы қаласындағы алма бақтарға қатысты ақпарат

Алматы қаласындағы алма бақтарға қатысты ақпарат

Әлеумет 31.10.2024, 12:35 1,551 yakiya
Алматы қаласындағы алма бақтарға қатысты ақпарат
aqshamnews.kz

Алматы қаласының жер ресурстарын басқару департаменті түсіндірді.

2004 жылы «Халықаралық клубтар қауымдастығы» ЖШСҚарасай ауданы аумағынан (кейін Алматы шегіне енген) тауарлы ауыл шаруашылығын жүргізу үшін көлемі 884,9 га жер учаскесіне меншік құқығын алған. Бұл құқық аудан әкімінің шешімімен (2004 ж. маусым) және үлгілік сатып алу-сату шартымен (2004 ж. шілде) берілген.

Алматы қаласының жер қатынастары басқармасының 2015 жылғы 28 қыркүйектегі бөлу туралы қорытындысы мен 2015 жылғы 30 желтоқсандағы бұйрығы негізінде аталған жер учаскесі 16 учаскеге бөлініп, жаңа кадастрлық нөмірлері берілген.

Бұл жер учаскесі арқылы Керенқұлақ өзені мен Берқараөзені ағып жатқанын атап өту маңызды. ҚР Жер кодексінің (2004 жылы қолданыста болған) 132 және 133-баптарына сәйкес су қорының жерлері мемлекеттік меншік болып табылады және тиісті органдардың келісімдерімен уақытша пайдалануға ғана берілуі мүмкін.

Осыған сәйкес, Қарасай ауданының жергілікті атқарушы органымен аталған жер учаскесін беру кезінде су айдындары алып жатқан жерлерді беруге тыйым салу бөлігінде жер заңнамасының нормалары ескерілмеген деп пайымдаймыз.

Қазіргі уақытта, Алматы қаласының прокуратурасымен «Халықаралық клубтар қауымдастығы» ЖШС-і мен «Қарасай ауданы әкімінің аппараты» ММ-не мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап арыз берілді.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талап арыз өндіріске қабылданды (2024 жылғы 10 қазандағы ұйғарым).

Мемлекеттік органдардың, жеке, заңды және лауазымды тұлғалардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету жер заңнамасының міндеттерінің бірі болып табылатындықтан, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің барлық нормаларын сақтау қажет деп санаймыз.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #алма #БАҚ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);