Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы қаласында суда демалуға рұқсат етілген және...

Алматы қаласында суда демалуға рұқсат етілген және тыйым салынған орындар

Әлеумет 24.06.2024, 19:40 610
Алматы қаласында суда демалуға рұқсат етілген және тыйым салынған орындар
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті

44 су айдынының 9-ы қауіпті.

Осы қауіпті су айдындарының учаскелерінде «Шомылуға тыйым салынады!» 33 белгі және соңғы 5 жылда суға батқандар туралы статистикалық деректері көрсетілген 7 ақпараттық стенд орнатылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Алматы қаласында және тау бөктеріндегі аудандарда барлығы 44 су айдыны (өзендер, көлдер, каналдар, тоғандар) бар, олардың 9-ы шомылу маусымы кезінде халыққа қауіп төндіреді, атап айтқанда:

1. Үлкен Алматы өзені, Шаңырақ ш/а, Алатау ауданы;

2. Үлкен Алматы өзені, Дархан ш/а, Алатау ауданы;

3. Үлкен Алматы өзені, (Әл-Фараби-Науаи) Бостандық ауданы;

4. Первомайский тоғандары,Кемел ш/а, Жетісі ауданы;

5. Кіші Алматы өзені (Бутаковкаға бұрылыс) Медеу ауданы;

6. Юнатское көлі, Медеу ауданы;

7. Ақсай өзені, Наурызбай ауданы;

8. Аэропортское өзені, Түрксіб ауданы;

9. Қарасу өзен сағасы (Шестуха), Түрксіб ауданы.

Сонымен қатар, Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 3/447 «Алматы қаласының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризмге және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы» қаулысымен суда жаппай демалуға арналған 4 орын анықталды, бұл «Сайран» көлінің батыс және шығыс бөліктері, сондай-ақ «Гүлдер» демалыс аймағы және «Баума» тоғайы Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының бойындағы жағажай аймағы.

Қазіргі уақытта Сайран көлінде іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, оның аяқталуы 2024 жылдың желтоқсанында жоспарланған.

Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналын гидротехникалық құрылыстармен күрделі жөндеуге байланысты ағымдағы жылы Үлкен Алматы каналын сумен толтыру жоспарланбайды.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #су #қауіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.