ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы қаласында мемлекеттік қызметшілердің жұмыс...

Алматы қаласында мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақыты режимін сақтау бойынша мониторинг нәтижелері

Әлеумет 21.09.2025, 10:22 202
Алматы қаласында мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақыты режимін сақтау бойынша мониторинг нәтижелері
Сурет: alataunews.kz
Департаментпен мемлекеттік органдар қызметшілерінің жұмыс уақыты режимін сақтауы бойынша тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Қала бойынша 71 мемлекеттік органның тек 39-да ҚЕБЖ (ЖАО-13, АО-26)...

Департаментпен мемлекеттік органдар қызметшілерінің жұмыс уақыты режимін сақтауы бойынша тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Қала бойынша 71 мемлекеттік органның тек 39-да ҚЕБЖ (ЖАО-13, АО-26) орнатылған, бұл ретте "Е - қызмет" жүйесімен интеграцияланған-11 (ЖАО-3, АО-8). ҚЕБЖ жүйесімен толық жабдықтауды қамтамасыз етудегі қиындықтар қаржылық мәселелерден туындайды.

Агенттік Төрағасының 2023 жылғы 29 мамырдағы № 121 бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу қағидаларының" талаптары негізінде Департаментпен тиісті іс-шаралар жүргізіледі.

2025 жылға бекітілген жоспарға сәйкес қаланың 19 мемлекеттік органында мониторинг жүргізілді.

Нәтижелері бойынша Департамент мамандары тиісті актілер жасаған 48 мемлекеттік қызметшінің жұмыстан тыс уақытта болу фактілері анықталды. Барлық мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қосымша демалыс уақытын беру арқылы қалпына келтірілді (барлығы 63 сағат 10 минут).

Сондай-ақ, қашықтықтан мониторинг жүргізу арқылы 44 мемлекеттік қызметшінің жұмыс уақыты сақталмағаны анықталды. Барлық мемлекеттік қызметшілердің құқықтары демалыс уақытын беру арқылы қалпына келтірілді (барлығы 113 сағат 42 минут).

         Азаматтардың өтініштері бойынша 3 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша 5 қызметкер жұмыс уақыты режимін сақтамағаны анықталды.

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары демалыс сағаттарын (20 сағат 52 минут) беру және мемлекеттік органдар басшыларының әкімшілік жауапкершілігін қарау арқылы қалпына келтірілді.         

Айта кету керек, Департамент жүргізіп жатқан жұмыстардың нәтижесінде жұмыс уақытын бұзу саны 150 мемлекеттік қызметшіден 82-ге дейін, ал артық жұмыс сағаттары 565 сағаттан 130 сағатқа дейін азайды.  

Мемлекеттік қызметшілерді жұмыстан тыс уақытта жұмысқа тарту фактілерінің алдын алу мақсатында Департаментпен мемлекеттік органдардың кадр қызметі қызметкерлерімен және Әдеп жөніндегі уәкілдермен тұрақты негізде түсіндіру іс-шаралары жүргізіледі.

Сондай-ақ, екінші жартыжылдыққа бару арқылы мониторинг жоспары бекітілді, онда 18 мемлекеттік органды қамту жоспарлануда.

         Аталған бағытта жұмыс жалғасатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,275 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.