ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Экономика / Алматы қаласында инфляция 3,4% деңгейінде қалыптас...

Алматы қаласында инфляция 3,4% деңгейінде қалыптасты

Экономика 11.09.2024, 09:24 1,133
Алматы қаласында инфляция 3,4% деңгейінде қалыптасты
almaty-akshamy.kz
Ұлттық банктің Алматы қалалық филиалы Алматы қаласының қаржы нарығындағы жағдай туралы

Ұлттық банктің Алматы қалалық филиалы Алматы қаласының қаржы нарығындағы жағдай туралы

  1. Инфляция

2024 жылғы 1 шілдедегі Алматы қаласы бойынша статистика департаментінің ресми деректері бойынша инфляция 3,4% деңгейінде қалыптасты (2023 жылғы 1 шілдеде – 5,1%).

Инфляция құрылымында азық-түлік тауарларына бағалар – 4,0%, азық-түлік емес тауарларға – 2,5%, ақылы қызметтерге – 3,4% өсті.

Алматы қ. бойынша тұтыну бағаларының индексі:

  • Барлық тауарлар мен қызметтер – 105.1
  • Азық-түлік тауарлары – 105.6
  • Азық-түлік емес тауарлар – 105.9
  • Ақылы қызметтер – 103.9

2023 ж. 1 жартыжылдық және 2024 ж. 1 жартыжылдық аралығында инфляция деңгейі салыстырмалы түрде тұрақты болған.

  1. Валюталық нарық

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша қаланың қолма-қол шетел валютасы нарығында 446 айырбастау пункті жұмыс істеді. Оның ішінде:

  • Банктердің айырбастау пункттері – 244
  • Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы бар уәкілетті ұйымдар – 191
  • "Қазпошта" АҚ – 11.

2023 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда айырбастау пункттерінің саны 4,0%-ға, яғни 458-ден 446-ға дейін, ал банктердің айырбастау пункттері 11,9%-ға, яғни 277-ден 244-ке дейін төмендеді. "Қазпошта" АҚ айырбастау пункттері 15,4%-ға, яғни 13-тен 11-ге дейін азайды. Дегенмен, уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерінің саны 13,7%-ға, яғни 168-ден 191-ге дейін өсті.

2024 жылдың 1 жартыжылдығында теңгені АҚШ долларына сату бағамы 445,12 – 466,50 теңге аралығында болды, ал еуро 473,50 – 516,70 теңге, Ресей рубліне қатысты 4,82 – 5,99 теңге аралығында болды.

Айырбастау операцияларының көлемі:

  • АҚШ доллары – 101,9% және 117,7%, сәйкесінше 1 168,0 млн және 1 744,0 млн доллар;
  • Ресей рублі – 114,8% және 121,6%, сәйкесінше 10 377,5 млн және 7 688,1 млн рубль;
  • Еуро – 87,2% және 113,2%, сәйкесінше 73,2 млн және 192,6 млн еуро құрады.
  1. Депозит нарығы

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторын 21 екінші деңгейдегі банк құрайды, оның 19-ы Алматы қаласында орналасқан.

2024 жылдың 1 жартыжылдығында резиденттердің екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерінің көлемі 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 21,1%-ға ұлғайып, 10 333,0 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері 28,7%-ға 2 779,0 млрд теңгеге дейін, ал жеке тұлғалардың депозиттері 18,5%-ға 7 554,0 млрд теңгеге дейін өсті.

Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі 34,1%-ға өсті, ал шетел валютасындағы депозиттер көлемі 3,2%-ға төмендеді.

Депозиттердің жалпы көлеміндегі жеке тұлғалардың салымдарының үлесі 73,1%-ды құрайды. Оның ішінде ұлттық валютадағы депозиттердің үлесі 2023 жылдың 1 тоқсанындағы 65,0%-ға қарағанда 72,0%-ды құрады.

  1. Кредит нарығы

2024 жылдың 1 жартыжылдығында банктердің Алматы қаласының экономикасын кредиттеу көлемі 12 539,8 млрд теңгені құрап, алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 19,2%-ға артты.

Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі 15,2%-ға өсіп, 10 586,2 млрд теңгеге жетті. Ал шетел валютасындағы кредиттер көлемі 46,1%-ға өсіп, 1 953,6 млрд теңгені құрады.

Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі 17,3%-ға артып, 9 883,9 млрд теңгеге жетті, ал қысқа мерзімді кредиттер көлемі 26,7%-ға азайып, 2 656,0 млрд теңгені құрады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 22,5%-ға артып, 3 219,1 млрд теңгеге жетті (экономикаға берілген кредиттердің жалпы көлемінің 25,7%-ы).

Кредит берудің салалық құрылымы кезең ішінде сауда мен өнеркәсіптегі басым бағыттарын сақтап қалды: қысқа мерзімді кредиттер бойынша 30,4% және 13,2%, ұзақ мерзімді кредиттер бойынша сәйкесінше 3,3% және 4,4%.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,256 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.