AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы қаласын дамытуға 105 млрд теңге бөлінеді

Алматы қаласын дамытуға 105 млрд теңге бөлінеді

Әлеумет 30.09.2022, 16:27 1,805 Almaty-akshamy
Алматы қаласын дамытуға 105 млрд теңге бөлінеді
Сурет: Almaty.tv

Бұл туралы қалалық мәслихаттың 27-сессиясында белгілі болды


Алматыда оқушыларды тасымалдауға арналған 100 шақты жаңа мектеп автобусы сатылып алынады. Мұғалімдер үшін де жақсы жаңалық – олардың күнделікті оқу жүктемесі 18 сағаттан 16 сағатқа дейін қысқарады. Бұл туралы қалалық мәслихаттың 27-сессиясында белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Бүгін депутаттар алдағы жылдағы бюджетті нақтылауға жиналды. Мәліметтерге сәйкес, барлық саланы дамытуға жалпы соммасы 105 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді. Оның 37 пайызы басқа жобалардың игерілмеген қаржысы екен. Мемлекеттік қарызды өтеуге қырық миллиардқа жуық теңге жұмсалады.      



«Мемлекеттік қарызды мерзімінен бұрын өтеу алдағы уақытта сыйақы түріндегі 2,1 млрд теңге бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл қаражат әлеуметтік маңызы бар шараларды қолдауға жұмсалады. Бюджеттегі басым бағыттағы жобаларды қолдау үшін жергілікті бюджетті 63,8 млрд теңгеге ұлғайту көзделген. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алудан үнемдеу есебінен қамтамасыз етіледі», – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин.



Сондай-ақ, 4 миллиард теңге мектептегі ұстаздардың жалақысын көтеруге жұмсалады. Ал тағы2,5 миллиард теңге халықты әлеуметтік қолдауға бағытталады. Оған қоса, алып шаһардағы балаларға арналған жедел жәрдем көлігіндегі операциялық блоктың құрылысы жалғасады. Ол үшін 1,5 миллиард теңге бөлінбек. Келесі жылы 2 мың зейнеткер үшін сауықтыру жылы болмақ.



«Жалпы денсаулық сақтау саласына 1,8 млрд теңге бөлінеді. Оның ішінде 346 мүмкіндігі шектеулі жанның көмекшілеріне 183,1 млн.теңге бөлу жоспарланып отыр», – деді қалалық қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алтынай Төлеутаева.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #дамыту #қаржы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);