AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы қаласы ҚАЖД бастығы қызметкерлердің ата-ана...

Алматы қаласы ҚАЖД бастығы қызметкерлердің ата-аналарына алғыс айтты

Заң мен тəртіп 02.03.2022, 05:24 2,218
Алматы қаласы ҚАЖД бастығы қызметкерлердің ата-аналарына алғыс айтты
Сурет: Polisia.kz

Алғыс айту күні бүгінде еліміздегі мерейлі мерекенің біріне айналды. Көктемнің алғашқы күнімен бірге тойланатын мерекені Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жеке құрамы да атап өтті.


Мерекеге қылмыстық-атқару саласының ардагерлері мен қызметкерлердің ата-аналары да қатысып, жүрек жарды тілектерін білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 


Салтанатты іс-шараға жиналғандарды Алғыс айту күнімен құттықтаған ҚАЖД бастығы Д.Қанатбеков мерекенің маңызына тоқталды.



«Егеменді еліміздің тарихындағы айрықша күндердің бірі болып есептелетін Алғыс айту күні - ерекше мейрам. Кеңестік кезеңде қазақ жеріне күштеп қоныстандырылған түрлі үлт өкілдерін жатсынбай, төрінен орын берген, олардың қиын кезеңнен қайыспай өтулеріне жағдай тудырған қазақ халқына деген басқа ұлттардың зор құрметін айғақтау мақсатында қабылданған мерекенің бүгінде ауқымы кең. Бұл күн қазір бір мақсатта өмір сүретін барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген құрметін арттыратын күнге айналды. Сіздерді осы айрықша күнмен құттықтай отырып, еліміздің жарқын болашағы үшін сіңірген еңбектеріңізге алғыс айтамын», – деді ол.



Айтулы мерекеге ҚАЖД қызметкерлері Оңалбай Жомарт пен Рүстем Сарсенәлінің, Дидар Дарубайдың ата-аналары келіп, қошаметке бөленді. Сондай-ақ Алғыс айту күніне департамент қызметкерлері Марат Жұмаханов пен Бақытгүл Мейрамбайдың ЛА-155/1 мекемесінде еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан ата-аналары мен бақылаушы болып қызмет атқаратын Әділбек Қашқаровтың да ата-аналары қатысты. Мерекеге келген ата-аналарға департамент бастығы Д.Қанатбеков тәрбиелі ұл-қыз өсіріп, еңбекте өнегелі болғандары үшін алғыс хат пен гүл шоқтарын табыстады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алғыс айту күні #ҚАЖ #қызметкерлер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);