Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы қаласы бойынша ТЖД су айдындарындағы жағдай...

Алматы қаласы бойынша ТЖД су айдындарындағы жағдай туралы  хабарлады

Әлеумет 27.07.2023, 12:06 871
Алматы қаласы бойынша ТЖД су айдындарындағы жағдай туралы  хабарлады
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сәйкес қала және тау бөктеріндегі аудандарда барлығы 44 су айдыны бар, олардың 12-сі шомылу маусымы кезінде халыққа қауіп төндіреді. Су айдындарындағы қауіпсіздікке байланысты мәліметтермен Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері, капитан Сұлтанов Есбол Мирасұлы бөлісті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz 


Департаментпен тұрақты негізде жүргізілетін профилактикалық жұмыстар нәтижесінде, бүгінгі таңда қала су айдындарында адам өліміне жол берілмеген. Жыл басынан бері республика бойынша 141 адам суға батып кетті, оның 39-ы балалар. 



"Судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Департамент полиция қызметкерлерін, Республикалық жедел-құтқару жасағы құтқарушыларын, сондай-ақ еріктілермен бірлесіп, рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Бүгінгі таңда 390-нан астам рейд жүргізіліп, 3800-ден астам жадынама таратылды", - деді спикер.



Рейдтерді жүргізу барысында суға түсуге тыйым салынған орындарда жағдайды бақылайтын ескерту машиналары мен ұшқыш дрондар пайдаланылады. 



"Жыл басынан бері жалпы су пайдалану ережелерін бұзғаны үшін ескерту түрінде 18 бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алкогольді ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болғаны үшін үш тәртіп бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін жалпы сомасы 150 мың теңгеге алты адам жауапкершілікке тартылды", - деп атап өтті Е. Сұлтанов. 



Брифингте сөз алған азаматтық қорғаныс офицері шомылу маусымында қала тұрғындарын суда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін сақтауға, сондай-ақ су айдындары жанында балаларды назардан тыс қалдырмауға шақырды. 


Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін, ТЖД келесі ережелерді сақтауға шақырады:
- балаларды судың жанында қараусыз қалдырмау;
- тек жабдықталған жағажайларда және ресми рұқсаты мен құтқару қызметі бар шомылуға арналған басқа жерлерде шомылу;
- жүзе алмайтын жағдайда, белден жоғары суға түспеу;
- шомылу кезінде бір-біріңізді назардан қалдырмау;
- қалқымалар, қоршау белгілері мен жағадан алыс жүзбеу;
- қайықтардан, көпірлерден және айлақтардан суға секірмеу;
- түнде суда шомылмау.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Құтқарушы #халық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.