AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы қаласы әкімінің орынбасары қала нысандарын...

Алматы қаласы әкімінің орынбасары қала нысандарын аралады

Барлығы 06.09.2025, 19:07 775 Сұлу
Алматы қаласы әкімінің орынбасары қала нысандарын аралады
Алматы әкімдігі

Күнделікті таңғы сағат 5-тен бастап жүргізілетін аралау аясында Алматы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев бірқатар нысандағы жұмыстардың барысын бақылап, жауапты құрылымдарға нақты тапсырмалар берді.

Әкімнің орынбасары әуелі Бостандық ауданындағы Әбіш Кекілбайұлы көшесінен Бокин көшесіне дейінгі кәріз желілерін қайта құру жұмыстарын көрді. Мұнда әкімнің орынбасары құрылыс алаңын көріп шығып, материалдардың сапасы мен инженерлік коммуникациялардың жай-күйін нақтылады. Сонымен қатар мердігерге жұмысты жеделдетуді тапсырды.

Сосын ол Жароков және Дунаевский көшелерінің қиылысындағы жылу желілерін қайта құру учаскесін аралады. Әкімнің орынбасары бұл жобаның тұрғын үйлерді сенімді жылумен қамту үшін стратегиялық маңызы бар екенін атап, жұмысты уақытылы орындауды әрі технологиялық ақауларға жол бермеуді қатаң тапсырды.

А. Иманов атындағы скверде (Мәметова көшесі – Желтоқсан көшесінің қиылысы) Алмасхан Сматлаев санитарлық мақсатта кесіліп жатқан ағаштарды көріп, жасыл желектердің жай-күйін тексерді. Әсіресе, қауіпсіздік мәселесіне және кесілген бұтақтарды уақытылы шығаруға ерекше көңіл бөлінді.

Алмалы ауданында ол Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры ғимараты жанындағы субұрқақты күрделі жөндеу барысымен танысты. Әкімнің орынбасары бұл нысанның қала тұрғындары мен қонақтары үшін маңызды демалыс орны екенін атап, оны қысқа мерзімде әрі сапалы түрде аяқтауды міндеттеді.

Сапар соңында Достық даңғылы бойындағы абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары жүріп жатқан аумақты аралады. Әкімнің орынбасары жаяу жүргіншілер аймақтарын аралап, төселіп жатқан жабынның сапасын, инженерлік шешімдердің дұрыстығын тексерді.

Сапар соңында Алмасхан Сматлаев барлық жұмысты белгіленген мерзімде аяқтап, қауіпсіздік пен көркейту жұмыстарына мән беруді тапсырды. Қаладағы өзгерістер халықтың күнделікті тұрмысынан анық байқалуға тиіс екенін атады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #нысандар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);