AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшелері балал...

Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшелері балалар колониясына келді

Әлеумет 27.08.2024, 10:55 1,854 Нұржамал ӘЛІШЕВА
Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшелері балалар колониясына келді
aqshamnews.kz

Алматы қаласы ҚАЖ департаментіне қарасты №11 мекемесіне Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшелері Витковская Светлана Владимировна, Сергеева Марина Николаевна, Қалықова Динара Серікқызы, Әміржанов Арлан Маратұлы, Қинаят Ерасыл Досжанұлы келіп, жазалы жасөпірімдерге тегін кеңес берді. 

Олар Алматы қаласы адвокаттар алқасының 2007 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқанын атап өтті. Адвокаттық қызмет – адвокаттар жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және оларды іске асыруға жәрдемдесу мақсатын  көздейді. 

Иә, еліміздегі адвокатура адамның құқықтарын, бостандығын сот арқылы қорғауға және заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтарын іске асыруға жәрдемдесуге, сондай-ақ дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесуге арналған. 


Іс-шара соңында жазалы жасөспірімдер өздерін мазалап жүрген жеке сұрақтарын адвокаттарға қойып, жауаптарын алды.

– Алматы қалалық адвокаттар алқасы мүшелері және басқа да бала құқықтарымен айналысатын маман, сарапшылар еліміздегі жалғыз балалар колониясы болғандықтан біздің мекемеге осылай жиі келіп, бас бостандығынан айырылған жасөспірімдердің жағдайымен танысып, олардың құқықтарының бұзылмауын қадағалап, қажетті кеңестерін беріп отырады, – дейді №11 мекемесі САӘПТЖБ бастығы әділет подполковнигі Алма Бәзілбаева.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #адвокат #балалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);