AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы полициясының қызметкерлері қала тұрғындарын...

Алматы полициясының қызметкерлері қала тұрғындарына концерт ұйымдастырды

Заң мен тəртіп 19.06.2023, 07:32 1,122
Алматы полициясының қызметкерлері қала тұрғындарына концерт ұйымдастырды
Сурет: Polisia.kz

Алматы полициясының қызметкерлері қала тұрғындарына концерт ұйымдастырды.


Ашық аспан астындағы концерт Қазақстан полициясы күніне орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Бұл кеште қаланың полиция департаменті ансамблінің солистері белгілі халықтық, патриоттық және эстрадалық шығармаларды орындады. Көрермендер өздеріне таныс әуендерді тыңдап, ән ырғағымен рахаттана биледі.



«Бүгін Қазақстан полициясы күні қарсаңында ПД ансамблінің әртістері мен қызмет өкілдері мазмұнды концерттік бағдарлама, сондай-ақ жедел қимылдайтын арнайы жасағының жауынгерлері мен кинолог-мамандар қызметтік-ізкесуші иттермен тамаша қойылымын ұйымдастырды. Жүздеген азамат ауқымды қозғалыстың белсенді қатысушылары болды, сол арқылы біздің бастамамызды қолдады. Азаматтар полиция қызметкерлерінің жақсы физикалық дайындығы және олардың шығармашылық қабілеттерін өз көздерімен көрді. Осы қасиеттердің барлығы біздің жедел-қызметтік міндеттерімізді ойдағыдай орындауға оң әсерін тигізіп жатыр», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков.



Алматы полиция департментінің ансамблі 1963 жылы құрылған. Міне, 60 жылдан бері бұл ұжым музыкалық және поэтикалық өнері арқылы жеке құрамды қызметтік және азаматтық борышқа адалдыққа, туған жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге, бөлімшелерде салауатты моральдық-психологиялық ахуалды, берік қызметтік тәртіпті қалыптастыруға, қызметкерлердің адамгершілік қасиеттері мен эстетикалық талғамы биік адамды қалыптастыруға атсалысып келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Концерт #Қазақстан полициясы #ұйымдастыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);