ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматы полициясында мектеп оқушыларының қауіпсізді...

Алматы полициясында мектеп оқушыларының қауіпсіздігі талқыланды

Білім және ғылым 31.08.2022, 04:38 1,298
Алматы полициясында мектеп оқушыларының қауіпсіздігі талқыланды
Сурет: Kstnews.kz
Күн тәртібіндегі маңызды мәселе – қала мектептеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Күн тәртібіндегі маңызды мәселе – қала мектептеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету.


Алматы полициясында өткен арнайы жиында мектеп оқушыларының қауіпсіздігі талқыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Алматы қаласы полициясының бастығы Арыстанғани Заппаровтың төрағалығымен өткен жиын жаңа оқу жылының басталуына орайластырылды.



«Білім беру мекемесінің қауіпсіздігі – бұл білім беру мекемесінің жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүзеге асыратын іс-шараларының жиынтығы. Мектеп оқушыларының қауіпсіздігі білім беру мекемелері әкімшілігінің басты міндеті екендігі сөзсіз, бірақ біз де шетте қалмауымыз керек. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды бағыттардың бірі екендігін және осы бағытта жұмыс істеуіміз қажеттігін атап өткім келеді. Қалада 207 жалпы білім беру мекемесі бар, олардың барлығы бейнебақылау жүйесімен жабдықталған, 4 960 бейнекамера орнатылған. Әрине, мектептерде бейнебақылау камераларының болуы құқық бұзушылықтың алдын алуға оң әсерін тигізеді, ал олардың ПД ЖБО-на қосылуы заңсыз сипаттағы түрлі көріністерге жедел ден қоюға мүмкіндік береді», – деді Арыстанғани Заппаров.



Мектептерді террористік тұрғыдан осал ұйымдардың тізіміне енгізу, оларды қорғауды сапалы түрде жақсартуға тиіс. Мектептерді тәжірибесі де, материалдық ресурстары да бар, қызметкерлерді оқытуға қатаң талаптар қоятын күзет компаниялары қорғауы керек.



«Абырой болғанда, өткен оқу жылы мектептерде оқыс оқиғаларсыз өтті, онда ешқандай құқықбұзушылық орын алған жоқ. Мектеп оқушылары арасындағы қылмыс деңгейінің төмендеу тенденциясын жалғастыру үшін, есепте тұрған қиын жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен мақсатты жұмысты жалғастыру қажет. Құқықбұзушылық пен өз-өзіне қол жұмсауға бейім жасөспірімдерді анықтау, қажетті мамандарды тарта отырып, олармен жеке профилактикалық жұмыстарды жүргізу жұмыстарын жалғастыру. Тағы бір айта кетерлігі, оқу жылының басталу қарсаңында мектептер маңында көлік қозғалысы қиындайды. 31 мыңнан астам бүлдіршін бірінші сыныпқа барады. Біз олардың қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерімізді салуымыз керек», – деді Заппаров.



Анықтама үшін: Алматы полициясы жазғы демалыс кезінде «Демалыс», «Жасөспірім» және «Түнгі қаладағы балалар» атты үш ауқымды іс-шара жүргізді, нәтижесінде кәмелетке толмағандардың үйлерінен тыс жерде болуының 2 мыңнан астам деректері анықталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.