ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы полициясы тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күре...

Алматы полициясы тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу шаралары туралы айтты

Заң мен тəртіп 17.02.2024, 06:50 1,097
Алматы полициясы тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу шаралары туралы айтты
Сурет: Polisia.kz
Алматыда тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстық ахуалды жақсарту және қылмыстың алдын алу мақсатында “Тұрмыс”, “Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ”, “Бақытты отбасы” сынды мақсатты...

Алматыда тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстық ахуалды жақсарту және қылмыстың алдын алу мақсатында “Тұрмыс”, “Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ”, “Бақытты отбасы” сынды мақсатты профилактикалық іс-шаралары өткізілуде.


Жыл басынан бері отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында әйелдерге қатысты қылмыс тіркелген жоқ. Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасаған адамдарға қатысты профилактикалық ықпал етудің негізгі шараларының бірі – профилактикалық есепке алу және жеке алдын алу жұмыстарды жүргізу, маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберу. Осы кезеңде 803 адам профилактикалық есепке қойылса, оның 733-іне қорғау нұсқамасы, тағы 70-іне құқық бұзушының тәртібіне ерекше талаптар қойылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 


Алкоголизм мен нашақорлықтан мәжбүрлеп емдеуге 9 адам жіберілді. Алматы полициясы зорлық-зомбылыққа ұшыраған, сондай-ақ осы саладағы қолданыстағы заңнаманы түсіндіруге жүгінген 159 әйелге жеке кеңестік көмек көрсетті.


Сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның, білім беру, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарының, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін тарта отырып, тұрақты негізде жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері ҮЕҰ-мен 16 кездесу өткізілді, онда ҮЕҰ мен полицияның өзара іс-қимылының оң тәжірибесі, зорлық-зомбылық құрбандарына психологиялық көмек көрсетудің тиімділігі және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың мәселелері, сондай-ақ оларды шешу жолдары бағаланды.


Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы жұмыстар Алматы қаласындағы ҚМУ “Жан-Сая” мемлекеттік дағдарыс орталығымен, сондай-ақ “Родник”, “Аналар үйі”, “Тин-Челлендж” қоғамдық қорларымен тығыз байланыста жүргізіледі. Жыл басынан бері дағдарыс орталықтарына 29 әйел орналастырылды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,291 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,182 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.